22.04.2018
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Сен қандай перзентсің?

5147 рет оқылған
image 1

 

Ей, қайырымды перзент! Ұлағатты ұрпақ! Бір сәт назарыңды сал да, төмендегі сұрақтарға жауап берші?!

 

Бізді жуындырған, дәретіміз бен бүлінген киімдерімізді еш жиіркенбей сан мың рет жуған, үтіктеуге ерінбеген анамыздың маңдайынан соңғы рет қашан сүйдік?

Біз үшін секундтар мен сағаттарын ғана емес, бүкіл өмірін арнаған анамызға жылына қанша күнімізді қидық?

Тамақты шайнап беріп, астың ең жақсысын алдымызға қойған ата-ананы бір тортпен ғана алдағымыз келе ме?

Анамыз қалам мен қасық ұстауды үйретті, ал біз оған жылына қанша рет гүл ұстаттық?

Киінуді, түйме қадауды, аяқ-киімнің бауын қадауды үйреткен анамызға жылына қанша рет орамал сатып алып беріп жүрміз?

Анамыз бізге жазу мен оқуды үйретті, ал біз оған ыстық лебіз толы хаттарды күнделікті жолдап жүрміз бе? Ізгі тілекті соңғы рет қашан айтқанымыз есімізде бар ма?

Бізді қолына көтеріп, жүрегі лүпілдеп қаншама дәрігердің есігін қағып, көмектесуін сұраған жанды арқамызға емес, тым болмаса көлігімізге отырғызып қайда апарып келдік?

Ол біз үшін жеке өмірін, қызығушылығын, денсаулығын шетке ысырып қойған жоқ па еді? Өйткені, оның өмірінің бар қызығы, қуанышы  бала еді.  Ал сіз оны жылына қанша рет қуантып жүрсіз?

 Бүгін оның қал- жағдайын білдіңіз  бе? Ал кеше ше? Қажетін сұрадыңыз ба? Бір рет болсын аяғын уқалап, ұйқыда жатқанда көрпесін жаптыңыз ба?

Баланың есендігі, жылы сөзі, қамқорлығы – ата-ананың жүрегіне қуаныш сыйлайды. Біз сол қуанышты жылына қанша рет жеткіземіз?

«Алла Тағаланың разылығы – ата-ананың разылығында» (Тирмизи). Ал біз Алланың разылығын жылына қанша күн іздеп жүрміз?

 

 

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




1—7 нәрсе, барлығы 7.
Аты-жөні: Kaldarova Aisul
Дата: 2.03.2016 20:14

Пікір:
Mina teksti okip kozime jas keldigoi . kuwti jazilipti Osindai makalalarinizdi kop wigarip otirinizdar. Sizderge algis aitamin. Alla razi bolsin sizderge...


Аты-жөні: Мұсан Жандос
Дата: 2.03.2016 21:27

Пікір:
Осындай текс қысқада-нұсқа түсініктіде-мəңді осындай текстерін көбейе берсін Алланың нұры жаусын


Аты-жөні: Азилхан
Дата: 3.03.2016 03:56

Пікір:
Кейбір сурагына жауап таба алмайсың, расында хақ, сөздері шындық бауырлар ойланайык


Аты-жөні: Алихан
Дата: 7.03.2016 01:10

Пікір:
Ананын жасаган жаксылыгын калай умытасын осыедай создер кобейсин аналарымызды сыйлайык!


Аты-жөні: Актокты
Дата: 13.03.2016 10:37

Пікір:
Анама мын алғыс!кейде ренжитип аламыз Аллам ана-анама ұзақ жасасын!жаксы корем сиздерді


Аты-жөні: Жанка
Дата: 18.03.2016 19:22

Пікір:
Ал егер тек сени омирге акелип, одан кейн бар каккан бакканы сол тунгышы. Канша рет киналып алдына барып комек сурап,Жалынганын да колынан келсе де кайтарып тастап. Оз енбегинмен оз кушинмен омир сурип журген анага калай карауым керек?! Катигездик таныткан? Еш мейирими болмаса??????


Аты-жөні: Айнур Ауелбек
Дата: 24.03.2016 23:25

Пікір:
Аналарга мын алгыс. Ак сутине ризамын. Жаткан жерин жайлы, жанын жаннатта болсын Анашым!





Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.