20:50 | Бабалар сөзі-өсиет
20:50 | Бабалар сөзі-өсиет
2017-07-27 (0) (5312)

ЕРІҢІЗДІҢ СІЗДЕГІ ХАҚЫЛАРЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

ЕРІҢІЗДІҢ СІЗДЕГІ ХАҚЫЛАРЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

 

Қазіргі заманда жұмыс істеу шарттары мен ақша табу жолдары ауырлап кеткенін байқаймыз. Кейде жұмыс ұжымындағы қызметкерлер мен әріптестердің арасындағы түсініспеушіліктер шығып, ара-қатынас шиеленісіп жатады, оған қоса, жұмыстағы қызметіне байланысты көптеген қиындықтар туындап жатады. Еркек сыртқа аса сездіре қоймағанымен, көбінесе осындай ауыр жағдайлардан жүйкесі жұқарып, шаршап-шалдығып, ішкі дүниесі күйзеліске ұшырап, үйге шаршаған күйде келеді екен. Осындай жағдайда үйге келген күйеуі әйелінен жылы шыраймен жағымды сөз күтеді, өзіне көңіл бөлуін қалайды. Бұны да көре алмаса жағдайы одан төмен түсіп кетеді. Сөздері, әрекеттері де өзгереді. Ислам ғалымдары «үйінде тыныштығы болмаған еркек дүние Жаһаннамында жүргенмен тең» деген екен. Ендігі бұл жағдайда, әйел онсыз да толып келген жүйке ыдысын тасытатын соңғы тамшы болмауы керек. Керісінше дереу жылы шырай танытып, көңілін аулауға кірісуі керек. Оны түсінуге тырысуы, сабыр етуі қажет. Ол үйде болған кезде үй тірлігіне де қарамау керек, оның көңілін көтеріп, оны қуанту керек. Үй тірлігі, тағы да басқа жұмыстарды ол болмаған кездерде жасағаны абзал.

Ерлердің әйелдегі хақыларының бірі- әйелінің оған бойсынуы. Ол – ерінрінің әміріне құлақ асып, шамасы жеткенше сөзін жерге тастамауы, оның дегенін орындауы және оған қарсы шығып, шектен аспауы керек. Егер ер адам өз әйелінен шариғат үкімдеріне қайшы келетін, діни және адамгершілік көзқарасқа, ұғымға сыймайтын істерді орындауды талап етсе, күнәлі істерді қолмен істеуге немесе ондай істерге себеп болатын жағдайларға бағыттаса, ондай жағдайда, талаптары мен бұйрықтарын орындаудан бас тарата аласыз. Мысалы, намазды уақытша тәрк ете тұру, намазды кешіктіріп оқу, парыз болған рамазан оразасын себепсіз (мысалы, бала емізу, етеккір келу, науқастану т.б) тұтпауын бұйыруы және оны ұрлыққа жұмсау, ғайбат сөз айтып, өсек тасу секілді іс-әрекеттерге итермелеуі. Ал, ерінің талап еткен нәрселері әйелді күнәлі істерге жетелемесе, тыйым салынғаннан шектен асып кетпейтін болса, ондай жағдайда күйеуінің талаптарын шамасы жеткенше орындағаны абзал.

Күйеуіңізге бағынып, талаптарын орындауыңыз, сіздің дәрежеңіздің түсіп қалғаны емес, керісінше, Алланың алдында дәрежеңіздің артып, сауаптарыңыздың еселенуіне себеп боларын ұмытпаңыз. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күйеуінің разылығын күзетіп, әміріне бойсұнғанмұсылман әйелдің Алла тарапынан қандай сыйлыққа қолы жететіні туралы: «Егер әйел бес (парыз) намазды өтесе, Рамазан айының оразасын ұстаса, ұятты жерін сақтаса (зина істеріне бармаса) және еріне бойұсынса, Жәннатқа қалаған есіктері арқылы кіреді», - деген (Ибн Хиббан риуаят еткен). Сондай-ақ, имам Ахмад те осы мағынадағы: «Егер әйел бес намазды орындаса, рамазан айында ораза тұтса, ұятты жерін сақтаса және  күйеуіне бойсұнса, ақырет күні оған «Жәннәтқа қалаған есігіңнен кір» делінеді деген (Әл-Муснад риуаят еткен). 

       Әйелдің еріне бойсұнуы оның кемдігінен немесе, ерден төмен жаратылғандығынан емес. Әйел де қадір-қасиеті жөнінен ештеңеден кем емес. Ер кісі секілді, әйел де құрметтеуге, қадірлеуге лайық. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында әйелдер – ерлердің сыңарлары», - деген. 

Ислам ғалымдары «шайтан кәпірлермен емес, мұсылмандармен әлек» деген. Шайтан әскерлерін таңертеңгісін жіберіп кешке есеп алады екен. Біреуі «намазын бұздырдым» десе, «жарайды» депті. Біреуі «оразасын бұздырдым» десе, оған да «жарайды» депті. Біреуі «харам жегіздім» дегеніне де «жарайды» депті. Басқа біреуі «күйеуімен әйелін араздастырдым» дегенде шайтан қуанып, орнынан атып тұрып, «жарайсың» депті, маңдайынан сүйіп, «ең үлкен істі сен атқардың, араздасатын болса қалғанының бәрі уақыт өтуімен бұзылады» деген екен.Сондықтан әрдайым сақ жүріп, шайтанмен нәпсінің мұндай әрекетіне жол бермеу керек.

     Күйеулеріңізге демеуші болыңыздар, жақсы мінездеріңізбен, жылы сөздеріңізбен, дәмді тағамдарыңызбен, үй тазалығы, тиянақтылығымен немесе күйеулеріңіз ұнататын амалдар арқылы оны үйге байлаңыздар. Ол үйге қарай қадам басу үшін жанталасып асығатын болсын. Ұяны ұрғашы құс жасайды, үйді де үй ететін әйелдер екенін ұмытпайық. Ғабит Мүсірепов атамыз айтпақшы, «Әйелдің естілігі жеңсе, сұлулығы да арта түседі».

5312 рет оқылды