18:30 | Жақсы кино
2017-02-01 (0) (5254)

ҚАПАСТАН ҚҰТҚАРЫП, ҚҰДАЙДАН ҚАРЫМТАСЫН АЛДЫ

ҚАПАСТАН ҚҰТҚАРЫП, ҚҰДАЙДАН ҚАРЫМТАСЫН АЛДЫ

 

(ғибратты оқиға)

 

XX ғасырдың басында шотландиялық бір фермер үйіне қайтып келе жатады. Батпақтың жанынан өте бергенде, «көмектесіңіз» деген дауыс естілді. Жүгіріп барса, батпақтан шығуға талпынған кішкентай баланы көреді. Фермер ойланбастан қалың бұтақты кесіп алып, ақырын ғана жақындап, оны батып бара жатқан балаға қарай созады. Аман қалған бала көпке дейін көз жасын тоқтата алмай, қалшылдап тұрды.

–Менің үйіме жүр, – деді фермер. – Тынышталып, жылынуың қажет.
– Жо-жоқ, – бала басын шайқады, – мені әкем күтіп отыр. Ол қатты уайымдап отырған болар.

Құтқарушысына алғыс білдіріп, бала жүгіріп кете барады... Ал таңертең фермер үйінің алдына келген асыл тұқымды сәйгүліктер жегілген күймені көреді. Күймеден жақсы киінген ер адам түсіп:
– Кеше менің баламның өмірін құтқарып қалған Сіз бе?

– Ия, мен, – деп жауап берді фермер.

– Мен Сізге қанша берешекпін?

– Мырза, мені олай ренжітпеңіз. Сіз маған ештеңе де берешек емессіз. Менің жасағанымды кез-келген есі дұрыс адам жасайтын еді.

– Жоқ, мен мұны бұлайша қалдыра алмаймын, менің балам мен үшін өте қымбат. Кез келген соманы атаңыз, – деп, келген қонақ айтқан сөзінде тұрып алады.
– Бұдан былай бұл тақырыпты қозғағым келмейді. Сау болыңыз. – деді де фермер кетуге ыңғайланды. Дәл осы кезде есік алдына кішкентай ұлы жүгіріп шығады.

– Бұл Сіздің балаңыз ба? – дейді қонақ.

– Ия, – деп, ұлының басын сипап, мақтанышпен жауап береді.

– Былай жасауға қалай қарайсыз: мен Сіздің балаңызды Лондонға алып кетіп, оның оқуына барлық қаражатты төлеймін. Егер бұл бала әкесіне тартып, мейірімді болса, бұдан екеуміз де ұтылмай, бұл шешімімізге кейін өкінбейтін боламыз.

Арада бірнеше жыл өтеді. Фермердің баласы мектепті, кейіннен медицина университетін бітіреді. Уақыт өте келе оның аты «пенициллинді» ашқан адам ретінде әлемге танылады. Оның аты – Александр Флемминг еді. Иә, ол сіз танитын, бүкіл әлем танитын Нобель сыйлығының иегері еді. Соғыстың алдында өкпенің қатты қабынуымен әлгі ер адамның баласы лондондық клиникалардың біріне түседі. Қалай ойлайсыз, бұл жолы оның өмірін не құтқарып қалды? Ия, Александр Флеминг ашқан пенициллин.

Флемингке білім берген ер адамның аты – Рандольф Черчилль. Ал оның баласының аты – Уинстон Черчилль еді, кейіннен ол Англияның премьер-министрі атанады. Уинстон Черчилль өзінің бір қанатты сөзінде: «Біреуге жасағаның өзіңе қайтып келеді» деп айтып кеткен еді ғой. Бәлкім, ол дәл осы оқиғаны есіне түсіріп, бізге де үлгі болсын деп айтқан болар...

 

 

5254 рет оқылды