2019-07-05 (0) (5886)
post

"АСЫЛ АРНА" ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАЖЫЛЫҚ САПАРҒА АТТАНДЫ

Биыл да Алланың шақыртуын алған "Асыл арна" телеарнасының бірқатар қызметкерлері (атап айтар болсақ, Ғани Байсал, Сырым Әуезхан, Нұржан Жақсылық, Қуаныш Сейітханов, Бауыржан Сейіткерім-Назерке Бұхарбек, Әли Смаилов, Әлсейіт Мұхаммедұлы) қажылық сапарға аттанды. Алла қаласа,  алдағы уақытта 2019 жылғы қажылық сапардан тікелей көрсетілімдер мен қызықты сюжеттерді, жаңа бағдарламалар мен сәтті кадрларды назарларыңызға ұсынатын боламыз!
Әрдайым "Асыл арнамен" бірге болыңыздар! Ал біз өз әріптестерімізге сәт сапар және қабыл болған қажылықты тілейміз!
Сауапты сапардан анадан жаңа туғандай пәк болып оралыңыздар, құрметті бауырлар!

 

 

5887 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !