19:50 | Хадис уақыты
19:50 | Хадис уақыты

Саудаға түскен бір сағат

Саудаға түскен бір сағат

Баласы әкесіне: "Әке, бірнәрсе сұрасам бола ма?".

Әкесі: "Тыңдап тұрмын".

 - "Бір сағатта қанша ақша табасыз?".

Әкесі ашуланып: "Не шаруаң бар! Қайдағы жоқ сұрақты қояды екенсің!"

Бала: "Әке, айтыңызшы, білгім кеп тұр".

- "Қоймадың ғой. Бір сағатта шамамен 500 теңге табамын".

Баласы аз-кем ойланып: "Әке, маған 100 теңге қарызға беріңізші!".

- "Немене, менің табысымды қарыз сұрау үшін тексердің бе? Мен болсам күні бойы шаршап жұмыс істеймін. Сен болсаң сұрақ қойып мазамды аласың да, одан кейін ақша сұрап оны кәмпит-сағызға шашасың. Бар, бөлмеңе барып ұйықта. Сенімен сөйлесіп отыратын уақытым жоқ".

Бала жанарынан бір тамшы жас ыршып түсіп, бөлмесіне кетеді. Сәлден соң әкесі баласын жөнсіз өкпелеткеніне өкініп артынан кіреді.

- "Балам! Ұйықтап жатқан жоқсың ба? Мен саған қатты сөйлеп қойдым. Ренжіме. Міне саған сұраған жүз теңгең".

Бала қуанып, төсегінен ыршып тұрады да, жастығының астынан біраз ақшаны шығарып жүз теңгені соған қосады.

Бұл көрініс әкесінің ашуын тағы да тудырып: "Ақшаң бар екен ғой! Неменеге менен сұрадың?"-дейді.

Сонда баласы: "Әке, менің ақшам жетпей тұр еді. Енді 500 теңге болды. Енді маған бір сағатыңызды сатыңызшы, бірге болайық!"-депті.

6826 рет оқылды