Анамның табаны!

Анамның табаны!

Анасымен ұрсысып, ренжітіп алған бір жігіт былай дейді: "Үйден ашуланып шықтым. Алайда біраздан соң өз-өзіме келіп, үлкен қателік жасағанымды түсіндім. Қалтамнан ұялы телефонымды алып: «Адамдар: «Аяқтың үстіңгі жағынан гөрі табанының еті жұмсақ әрі өте жағымды» деп жатады. Қымбатты анашым! Табаныңыздың жұмсақтығын екі ерніммен байқап көруге рұқсат бересіз бе?", - деп анама хат жібердім. Үйге қайтып келіп, есіктен кірсем анам холда отыр екен. Екі көзі дымқылданып, жүзінен қуанған белгі көрінеді. Мені көре сала былай деді: "Мен саған оны істеуге рұқсат етпеймін. Себебі ол сөздің дұрыстығына күмәнім жоқ. Сенің бала күніңде аяғыңның асты-үстін сүйгенде көзімді әбден жеткізген болатынмын". Сол сәтте менің буын-буынымнан әл кетіп, көзімнен жас парлап жүре берді.

9279 рет оқылды