19:20 | Сүбелі сөз (на русском языке)
19:40 | Өлең – сөздің патшасы
19:50 | Хадис уақыты
2016-06-04 (0) (18408)

Жаратушы сыйға тартқан орамал

Жаратушы сыйға тартқан орамал

«Бiрiншi байлық – денсаулық,
екiншi байлық – ақ жаулық...

(Халық даналығы)

 

 

Орамал өзге дінге де жат емес

 

Орамал қай заманда да, қай уақытта да, қай елде де өте үлкен құрмет пен қасиетке ие болған. Және ол кез келген қыз-келіншектің көрігіне көрік, әдемілігіне сән қосатын ерекше әшекей. Біз әдетте адамгершілік пен ұяттан асқан әдемілік жоқ деп жатамыз. Ал, әйел заты үшін ең әдемі әшекей ұятын жабатын – орамал. Нәп-нәзік. Салмағы бар болғаны құстың қауырсынындай ғана. Бірақ, барлық аруды қорғап жүруге күші жететiн үлкен қасиетке ие. Кейбір ер азаматтар қорғай алмай жүрген әйел затын жамандықтан қорғайтын мықты қорғаушы! Орамалды құрметтегендер мойнына салады, қадіріне жеткендер оны басына шығарады.

Әуреттi жабу – тек Исламға тән құбылыс емес. Киiм киюдiң бұл үлгiсi жөйт (еврей) пен христиан дiнiнде, мәдениетi тым бұрыннан басталатын кәрiс, жапон секiлдi елдерде де бар. Мысалы Менахем Брейер («Йешива» университетiнiң профессоры) яһуди дiнiнiң талабы бойынша әйелдердiң мiндеттi түрде орамал тағу керектiгiн айта келе, бiр интернет басылымында танымал раввиннiң мынандай сөздерiн келтiрiптi: «Еврей қыздарына орамалсыз сыртқа шығу жараспайды, әйелдерiнiң жаулықсыз жүруiне рұқсат еткен еркектердi қарғыс атсын, еркектерге ұнау үшiн басын ашып жүрген әйелдер жоқшылық әкеледi…»

Ежелгі христиан дінінде орамал әйелдердің болмысын толықтырып тұратын құрамдас бөлігіне айналған. Орамалдың шығу тарихы туралы айтқанда, ең алғаш қай елдің әйелдері таға бастады деген сұрақ қызықтыратыны ақиқат. Онда айтайық, ең алғаш орамалды Қытай мен Рим елдерінің әйелдері таба бастаған. Жел мен шаңнан қорғану мақсатында, түрлі аурулардан сақтану себебімен орамалмен оранған. Ежелгі Египет қолжазбаларына қарағанда мысырлық әйелдер төртбұрышты орамалдарды иықтарына іліп жүрген екен.

 

Орамал таққан әйелдерде қайыр бар

 

Халқымыздың: «Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» дегеніндей, адам ба­ласы ұятты жерлерін жасырып, абыройын қорғаумен ғана адамдық қасиетін сақтап қалады. Олай болса киім дегеніміз – ұят пен абыройдың қалқаны. 

Мұсылман халқы үшін орамал тарту – парыз саналған. Әйел адамдардың орамал тартуы – ер кісілердің сақал өсіруінен де үлкен парыз. Орамал –мұсылман әйелдерге Жаратқанның сыйға тартқан ең қымбат сыйлығы. Оған қатысты қасиетті Құран Кәрімде бірнеше дәлел хадистер келтірілген. Аллаға сиыну, Оған құлшылық қылу, парыздарын орындау – жұмыр басты пендеге тән қасиет. Әйелдердің басын орамалмен жауып, әурет жерлерін бөгде адамдардан жасырып ұзын киім киюі – Алла Тағаланың бұйрығы. Дінімізде әйелдердің беті, екі қолы (білезігіне дейін) мен екі аяғынан (тобығына дейін) басқа жерлері ұятты болып есептеледі. Сондықтан да, барлық әйел баласы ұятты саналған әуретті жерлерін киімімен жауып, бөгде ер кісілерге көрсетпей жүрудің шариғаттағы үкімі – парыз. Оның парыздығына Қасиетті Құранның «Нұр» сүресіндегі 31-аят дәлел. Онда: «Мүмін әйелдерге де айт! Бөтен еркектерден көздерін төмен түсірсін! Әрі ұятты жерлерін харамнан сақтасын! Олар тек өздігінен көрініп тұрғаннан басқа әшекейлерін көрсетпесін! Және орамалдарын басына салып, онымен омырауларын жапсын! Әрі олар әшекейлерін көрсетпесін! Тек күйеулеріне, немесе әкелеріне, немесе күйеулерінің әкелеріне (яғни қайын аталарына), немесе ұлдарына, немесе күйеулерінің (басқа әйелдерден туған) ұлдарына, немесе аға-інілеріне, немесе аға-інілерінің ұлдарына, немесе әпке-сіңлілерінің ұлдарына, немесе мұсылман әйелдерге, немесе құлдарына, немесе әйел керек қылмайтын еркектерге, немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін жас балаларға көрсетсе онда оған рұқсат. Өздерінің жасырған әшекейлері біліну үшін аяқтарымен жерді тепсініп жүрмесін! Әй, мүміндер! Табыста болуларың үшін барлығың Аллаға тәуба етіңдер!» – делінген. Нұр» сүресі, 30-31 аяттар)

  

 

Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса...
Нені көрем?

 

«Ора­мал тартқан әйелде қайыр бар», –  дейді дана қазақ. Әйеліне орамал тартқызып, жабық киінуге бұйырған еркек шын мәнінде әйеліне жаны ашитын адам. Қазан төңкерісіне дейін күллі қазақ даласында ашық-шашық киінген бірде- бір әйел заты болмаған. Тіпті әр өлкенің өзіндік киім кию дәстүрі болған. Қазақ жерiнiң әр аймағының ауа-райына тән әйелдердiң кимешегi әртүрлi болған, сондай-ақ, ол жас ерекшелiктерiне қарай түрлi үлгiде тiгiлген. Ата-бабаларымыз Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керiсiнше, оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегiмен көркемдеп, өзiнiң төл киiм үлгiсiне айналдыра бiлген. 

(төменде  ертеде әр өңірдегі аналарымыздың орамалмен түскен суреттері)

 

Алтай өңірі, 19 ғасыр

 

«Егер пайғамбардың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, онда бір қалқаның артында тұрып сұраңдар! Осылай істеулерің сендердің де, олардың да, (яғни екеулеріңнің де) жүректерің үшін (шайтанның азғыруынан, яғни жаман ойлардан) таза болмақ(Ахзаб, 53/)

Құрандағы осы аят «хиджаб аяты» деп танылған. Бұл мүмін әйелдерге хиджабтың парыз болып түскені туралы бірінші аят.

 

Түркістан, 1871 жыл

 

Алла Тағала «Ахзаб» сүресінің 59-шы аятында: «Әй, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт! (Үйлерінен шығатын болса) үстеріне жилбәбін (яғни жамылғысын) жапсын! Бұл оларды жеңіл (күң емес, жезөкше емес, азат әрі пәк әйел екендігін) тануға, оларға бөтен еркектердің тиіспеуіне жақын!» деп бұйырды. Бұл аят барлық мүмін әйелдер бөтен еркектерден бүкіл денесін жасыруы парыз екенін ашық білдіреді. Осы аяттағы «жилбәб» сөзі араб тілінде бүкіл денені жабатын жамылғыш. Сахабалардың әйелдері осы аяттан соң бүкіл денесін жапты.

 

Жайық, 1875 жыл

 

«Кім тәккаппарлықпен киімінің етегін жерге сүйретіп жүрсе, Алла Тағала оған Қиямет күні қарамайды» - деді. Сонда Умму Сәләма анамыз: «Әйелдер етектерін не істейді?» – деді. Ол: «Балтырының ортасынан бір қарыс түсіріп жүреді» – деді. Сонда Умму Сәләма: «Ондай болса олардың аяқтары ашылып қалады» – деді. Ол: «Олай болса онда олар бір білек түсіреді, одан арттырмайды» – деді. (Имам Ахмад риуаят еткен)

Сыр өңірі, 1884 жыл

 

«Алла ешбір кісіге оның шамасынан тыс нәрсені жүктемейді...» («Бақара» сүресінің 286 аяты)

 

Есіл, 1894 ж

Семей, 1907 жыл

Шу, 1910 жыл

«Әуелгі муһажир әйелдерді Алла мейіріміне бөлесін! Олар «Және орамалдарын басына салып, онымен омырауларын жапсын!» – деген Нұр сүресінің 31 аяты түскенде сырт киімдерін (шапандарын) жыртып, оны орамал етіп бастарына салып алды» («Сахих әл-Бұхари»)

 

  Адам көркі – шүберек

 

«Ағаш көркі –жапырақ, адам көркі – шүберек» деген халық даналығынан байқасақ, адам ба­ласы ұятты жерлерін жасырып, абыройын қорғаумен ғана адамдық санатын сақтап қалады. Олай болса, киім дегеніміз – ұят пен абыройдың қалқаны. Елімізде Исламның етек жаюымен бірге ұятты жерлерді де жауып жүретін ұрпақтың саны күннен күнге арта түсуде. Дүниеге шыр етіп келген кезден бастап, әрбір мұсылман қызына Жаратушы сыйға тартқан орамалдың қасиетін ұғып жүрген аналарымыз бен қарындастарымыздың қатары көбейген сайын қуанамыз. Алла берген тәнiң мен жаныңды қорғаштап, оны үйлесiммен алып жүру – ақылдылықтың, үлкен мәдениеттiлiктiң көрiнiсi.

18408 рет оқылды