20.02.2018
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Тіс туралы әпсана

364 рет оқылған
image 1

Кішкентай қыз атасынан: "Ата сіздің тісіңіз бар ма?" - деп сұрайды. Атасы тосын сұраққа сәл жымиды да терең демалып барып былай деді: "Мына өмір қысқалығына қарамастан, маған көп нәрсе үйретті, қызым! Тісіңнің мысалы айналаңдағы достарың секілді екен. Олар сенімен әрдайым бірге болады. Кейде көмектеседі, кейде жаныңды ауыртады. Саған әр күні пайдасы тию үшін жуып, қорғап тұруың қажет. Қайсысы сені жарақаттаса, ішіне құрт түскенін көресің. Қайсысы сені жақсы көрсе, жүрегі секілді әппақ болып, жарқырап тұрғанын көресің. Жоғалтқан тісің дос секілді, біраз уақыт ауырсынасың, жазылғасын ұмытып кетесің. Бірақ кетік жер ұмытылмай, орны ойсырап тұрады. Қазір мен бүкіл тісімнен айрылғанмын". Сосын: "Оны неге сұрадың, қызым?" - дейді.
     Қыз: "Туу, ата сөзіңіз неткен көп еді. Әншейін, сіздің қасыңызға мына бір қорап шоколадымды қойып кетейін деп едім. Егер шоколадты жейтін болсаңыз, тісіңіз бар болса ауырып қалады ғой, деп ойлап едім" - дейді.

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




.