11.12.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан
06:4908:1112:4915:3817:2018:43

Аралда жүріп Алланы таныған адам

1046 рет оқылған
image 1

Ибн Құдама Әл-Мақдиси (Алла оны мейріміне бөлесін) өзінің «Тәубе етушілер» атты кітабында, Абдул Уахид ибн Зәйд деген кісіден мынадай қызықты оқиғаны келтіреді:

     Ол кісі былай дейді: «Теңізде кемемен келе жатып, жел айдап, бір аралға тап болдық. Аралды кезіп жүріп, бір адамды жолықтырдық. Онымен танысып, сөйлесе келе кімге құлшылық ететінін сұрадық. Ол өзі қолдан жасап алған пұтты нұсқады.

     Біз оған: «Біздің кемемізде мұны қолдан жасай алатын адам бар. Бұл құлшылық етілетін нағыз құдай емес», - дедік.

     Ол: «Сендер кімге сиынасыңдар?», - деді.

     Біз: «Аллаға», - дедік.

     Ол: «Алла деген не?», - деп таңдана сұрақ қойды.

     Біз оған: «Алла ол – бүкіл әлемді жаратушы, жер мен көкте билігі жүруші, өлілер мен тірілерге үкімі жүруші», - дедік.

     Ол сонда: «Оны қайдан білдіңдер?», - деп сұрады.

     «Оны жалғыз Жаратушы бізге пайғамбар жіберіп, үйретті», -дедік.

     Ол: «Пайғамбар не істеді?», - деді.

     Біз: «Пайғамбар дінді жеткізді. Сосын Алла оның жанын алды», - дедік.

-                     Ол сендерге ешбір белгі тастап кеткен жоқ па?

-                     Әрине, қалдырды.

-                     Не тастады?

-                     Бізге Жаратушының кітабын тастап кетті.

-                     Маған Жаратушы Патшаның кітабын көрсетіңдерші. Патшалардың кітабы әдемі әрі көркем болмақ.

Біз оған Құран әкеліп бердік.

     Ол: «Мен мұны оқи алмаймын», - деді. Біз оған Құранның бір сүресін оқып бердік. Ол оны естіген кезде жылап жіберді. Оқыған сайын жылауын үдете түсті. Сосын: «Мына кітаптың егесіне қарсы күнә жасауға болмайды», - деді де ол, Ислам дінін қабылдады. Біз оған Ислам тәлімдері мен Құран сүрелерін оқуды үйреттік. Оны өзімізбен бірге кемемен алып кеттік.  Жолда күн батып, кеш қарайғанда жатуға ыңғайландық. Ол сол кезде:

     «Әй адамдар! Сендердің маған таныстырған Тәңірлерің түн болған кезде ұйықтай ма?», - деді.

     Біз оған: «Жоқ, әй Алланың құлы! Ол Тірі, Басқарушы, Ұлы. Ешуақытта ұйықтамайды», - дестік.

     Ол: «Сендер ұйықтамайтын Раббыларың тұрғанда ұйқтап жататын қандай жаман құлсыңдар!?», -  деді де құлшылық жасауға кірісті. Елімізге келіп жеткенде жолдастарыма: «Мынау Исламды жаңа қабылдады. Әрі бейтаныс, бөтен кісі», - деп біраз қаржы жинап, қолына ұстаттық.

     Ол: «Бұл не?», - деді.

-    Өзіңнің қажетіңе жұмсайтын ақша.

Сонда: «Алладан басқа тәңір жоқ! Мен теңіздің бір аралында, Алладан бөлек бір жаман пұтқа сиынып жүргенде де Алла мені тастап қоймаған болатын. Енді Онымен танысып, білген кезде мені тастап қоя ма?!», - деп ақшаны алудан бас тартты. Сосын өзі кәсіп жасап, өмір сүре бастады. Аз уақыттың ішінде елдің ең игі, салихалы адамдардың біріне айналып, өмірден өтті.   

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




.