"Асыл арна" телеарнасынан екі жыл қатарынан көрсетілген "Жас қари" жобасы биыл да өз жалғасын таппақ. Құран жаттауға құлшындыратын бұл жобаға Алматы қаласы мешіттерінде дәріс алып жүрген 7 жас пен 13 жас аралығындағы 24 шәкірт қатысады. Белгіленген уақыт ішінде болашақ жас қарилар Қасиетті Құранның 30-парасын, яғни "Нәба" сүресінен "Нәс" сүресіне дейін жаттап тапсырады. Жоба барысында әр шәкірттің мектептегі үлгерімі, дос-жарандарымен қарым-қатынасы, өмірдегі қызығушылығы, үлгілі тәртібі де назардан тыс қалмайды. Қаңтар айында басталатын бұл ауқымды жобаның шешуші жарысы тамыз айының соңына жоспарланып отыр. Ендеше, жарысқа қатысушы жас жеткіншектерге сәттілік тілейміз!