Кездесу барысында «Асыл арна» телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Оразбайұлы имамды жаңа қызметімен құтттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, қалалық мешіттердің «Асыл арна» телеарнасымен бірлесе отырып атқаратын шаруалары талқыланып, болашақ жұмыс жоспарлары туралы сөз қозғалды.
Ата-бабамыздан аманат болып жеткен асыл дінімізді, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, оны болашақ ұрпаққа аман-есен жеткізу – әр қазақ азаматының міндеті. Ендеше, игі істердің басы-қасында жүрген азаматтардың ісі берекелі болғай.