Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

Ұрыны ұстаған үш бала

Мақалалар

 

 Бауыржан, Абдулла, Жақып атты достар сабақтан келе жатып, жол бойында көзі жасаурап тұрған қарияны көріп аяп кетті. Өйткені, ұрылар ол кісінің қалтасындағы ақшаны ұрлап кетіпті. Үш дос қарияны жұбатып, аз ғана күте тұруын, ұрыны ұстап, ақшасын әкеп беретіндерін айтты.

Ұрыны ұстау үшін достар жоспар құрды. Абдулла қалтасына көпшіліктің көзіне тез түсетіндей етіп ақша салып, халқы тығыз базарға кірді. Ал, Бауыржан мен Жақып оның артынан ілесіп, күзетіп жүрді. Абдулла олардың көзінен тасаланбай көпшілік орындарды аралай бастады. Бір кезде қалтасындағы ақшаға суық қолдың түскенін сезіп жоспардың жүзеге асқанын түсінді. Абдулла оны шап беріп:

 — Ұрыны ұстаңдар, - деп айқай салды. Қаша жөнелген ұрыны Бауыржан мен Жақып ұстап алды. Қолға түскен ұры жылап:

 — Мені милиция қызметкерлеріне бермеңдерші, енді қайталамаймын, - деп жалынды. Қария ұрыға айқайлап, ақшасын сұрады. Ол ақшасын қайтарған кезде қарт кісі қатты қуанып, үш досқа алғысын жаудырып, оларға біраз ақша бергісі келіп еді, олар алмайтындықтарын айтты. Сол кезде милиция қызметкерлері келді. Ұрыны ұстап, балалардың ерлігіне сүйсіне қарады.

Осылайша үш дос ұрыны ұстап, қарияның батасын алды.

 

 

ПІКІР (2)

Айбек

ПХм)

Аяулым Орынбаса

ои саларлык окига

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер