Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

Таң намазына ұйықтап қалмас үшін...

Тарих

Намаз – дініңіздің тірегі, иманыңыздың өлшем бірлігі. Намаз – Жаратқанның бұйрығы, құлшылықтың ұлығы. Бұл – Алланың сүйген құлына ғана беретін ұлы нығметі. Алайда мұны біле тұра кейде таң намазына тұру үшін тәтті ұйқымызды қиып, жылы төсектен көтеріле алмай қалып жатамыз, дәрет алып келуді қиынсынамыз. Мұндайда қайтпек керек? Хадисте «Кім, құптан намазын жамағатпен бірге оқыса, онда ол түннің тең жартысын құлшылықпен өткізгендей болады, ал таң намазын жамағатпен бірге оқыған адам түні бойы құлшылық  жасағанмен тең» демей ме? Жамағатқа ілеспесек те, "таң намазының екі ракағаты (сүннеті) бүкіл әлем мен оның ішіндегі бар байлықтан артық" емес пе? Мұншама сауаптан ешкімнің де құр қалғысы келмейтіні анық. Ендеше, таңғы намазға тұруды жеңілдететін бірнеше кеңесті оқып көрейік.

1. Ықыласты, ниетті түзеу. Себебі, амалдар ниетке байланысты. Әрдайым таң намазының артықшылықтарын еске түсірсеңіз, ықыласыңыз да арта түспек.

2. Дұға –  мұсылманның қаруы. Таңғы құлшылыққа тұрғызуды Алладан сұрайық, себебі, иманды сыйлаған да, адамның иесі де – әлемдердің Раббысы.

3. Барынша ерте жатуға тырысыңыз. Кеш жатуға дағдылансаңыз, белгілі бір тәріпке түсудің амалдарын қарастырыңыз. Сүннет бойынша оң жақ қырмен, оң қолды жаққа қойып жату да ұйқысыздықты қашырады.

4. Бұхариден келген хадисте ұйқы алдында да намазға дайындалғандай дәрет алып жату бұйырылған. Дәретпен болған адам шайтанның жамандығынан сақталып,  періштелердің қорғауында болады.

5. Екінті және ақшам намаздарынан кейін ұйықтап қалып жүрмеңіз. Бұл – түнгі ұйқыны қашыратын маңызды себептердің бірі. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құптан намазының алдында ұйықтамаған, құптан намазынан кейін артық әңгіме айтпаған.

6. Мүмкіндік болса, бесіннен кейін жарты сағат ұйықтап алыңыз.

7. Оятарды барынша алыс жерге қойыңыз, оны тұрып өшіргенде ұйқыңыз ашылуы мүмкін.

8. Жанашыр адамдарыңыздан оятуды сұраңыз.

9. Бетке су бүрку – белсенділікке жеткізіп, ұйқыны ашады.

10.  Шектен тыс және ауыр тамақтардан тыйылыңыз, ұйқы алдында тіптен тамақ жемеген дұрыс.

11.  Оятардың даусын ести сала тұрып кетуді әдеткен айналдыру қажет. Оятарды бірнеше уақытқа қойыңыз.

12.  Ұйқыдан ояна сала Алланы еске алу  және қуылған шайтаннан Аллаға сыйыну. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Сендерден кез келгенің ұйықтағанда шайтан оның желкесіне үш түйін түйіп, әр қайсысына: «Сенің түнің ұзақ болады, ұйықта!» деп түйген жерінен ұрады. Егер адам оянып, Алланы еске алса, онда бірінші түйін шешіледі. Ал егер дәрет алса, екінші түйін шешіледі. Ал егер намаз оқыса, онда үшінші түйіні шешіледі» деген.

13.  Ұйқыдан оянғанда айтылатын дұғаны ұмытпау: «Әлхамду-лиЛләһи-лләзи ахйәнә бә’дә мә әмәтәнә уә иләйһин-нушур» («Өлгеннен кейін қайта тірілткен Аллаға мадақ болғай! Өлгеннен кейін қайта тірілуіміз тек Оған ғана тән»).

14.  Жарық қосқыш қол жетімді жерде тұрса, бірден жағыңыз. Бұл да ұйқының ашылуына себеп болады.

15.  Оятарды тура таң намазының уақытына қойыңыз. Әйтпегенде әлі уақыт бар деп ұйықтап кетуіңіз мүмкін.

16.  Түнгі намазға тұруды ниет етсеңіз, түннің үшінші бөлігінде, яғни, таң намазына жақын уақытта тұруға тырысып көріңіз. Бұл – «бір оқпен екі қоянды атқанмен» тең.

17.  Таң намазының сауаптарын еске түсіру: Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Таң намазын оқыған адам Алланың панасында болады және Алла ол үшін еш нәрсе талап етпейді» (Муслим), «Алла түнде (қараңғыда) мешітке барған адамның жүзін Қиямет күні нұрландырады" (Ибн Мәжәһ), «Әл - Бардайнды орындаған адам - Жәннаттық" деген. (Әл - Бардайн - таң намазы және екінті намазы. ( Бұхари).

18. Дәл қазір төсектен тұрмасаңыз береке мен ризықтан құр қалатыныңызды ойлаңыз: Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын) былай деп айтқан: "Таңғы ұйқы адамның ырысын азайтады"  («Әл-Жами`ус-Сағир» ).  Оның мәні: Таң намазы мен күннің шығу уақыты зікір жасайтын уақыт.  Алланы еске алатын кез. Ибн Қаййм осыған байланысты былай деген: "Таңғы ұйқы берекетті қашырады. Оның себебі - бұл уақыт ризық бөлінетін уақыт». Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын) өзі Аллаға жалбарынып: " Уа Алла, үмметімнің таңын игі (берекелі) ете гөр", - дейтін. (Суннан ат - Тирмизи).

 

ПІКІР (25)

Нургиса

Алла разы болсын

гульнур

Оте жаксы сайт екен. Пайдалы кеңестеріңізбен бөліскендеріңізге рахмет.

Камбар

Алла разы болсын!!!

Ердаулет Айтжан

Сиздерге Алла разы болгай!

Жалгас

Алла разы болсын

Молдир

Алла разы болсын!!!

Есенбаева Альби

Ой саларлық......

Макпал Ортаева

Сіздердің көптеген пайдалы кеңестеріңізді көп оқимын рахмет пайдасы көп тиеді Алла разы болсын!!!

Кундызай Нураш

Барша мусылман кауымга уагыздар жетип) ниеттери арта берсин)амин

Жангельды

Алла разы блсын!!! Намазда окыган дуга тилектеримизди кабыл етсин!

Жалгасбаева Наз

Сиздерге рахмет! Коп суракка жауап аламыз. Расында мол сауапка иесиздер.

Erzhan

Alla izgi isterinizge bereke bersin!

Олжас

Оте керемет кенестер! Алла разы болсын!

Самат

Алла разы болсын!

Ali

Tamawa!

Индира

Аллах разы болсын негизи гылыми далел бар тангы 4 тен кейин уйкы магынасыз уйкы екен.

Алмаз Арайлым

Алла разы болсын,сіздерге...

Бақтыгүл

)керек екен

талгат сатаев

Машаллах

Ұлданай

АЛЛА Разы болсын

Улданай Мынбаев

АЛЛА разы болсын!!!

Nurbolat

Алла разы болсын

Акансери

Маган сонгы кездери жаман киын боп жур намаз оку.Не истесем болады

Ырыс

Алла разы болсын сіздерге

Айшат Ходабаева

Өте керемет жазылған.Алла разы болсын.Алла сізге 2 дүнийенің сауабын жазсын Əмин

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер