Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

Шәууал айындағы оразаның артықшылығы

Мақалалар

Ислам дінінде кейбір уақыттардың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері бар. Рамазан айының артынша келетін Шәууәл айының да өзіне тән артықшылықтары көп.  

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады» – деп,  бұл айда ұсталатын алты күн оразаның мол сауабын сүйіншілеген (Сахих Муслим). Бұл ораза сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша түсінуге болады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі» – деген («Әнғам» сүресі, 161-аят). Ғалымдар Шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын осы аятпен байланыстырады. Рамазан айындағы отыз күн мен Шәууәл айындағы алты күн қосылғанда, отыз алты күн болады. Бұл сан он есеге көбейтілсе, үш жүз алпыс күнді құрайды. Ай күнтізбесі бойынша 365 күн емес, 355-356 күн екенін ескерсек, бұл тіпті артығымен сауап десе де болады. Оразаның әрбір күні он есе молайса, онда отыз алты күндік оразада бір жыл ауыз бекітудің сауабы бар деген сөз. Міне, бұл да Жаратушы Иеміздің бізге деген шексіз мейірімі. Оразаның теңдессіз құлшылық екендігі жайлы Әбу Умама (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Пайғамбарымыздан жақсы бір амал сұрадым. Ол маған «Ораза ұста, өйткені, оған тең келер құлшылық жоқ», – деді. Мен екі-үш рет қайталап сұрасам да «Ораза ұста, оған тең келер құлшылық жоқ», – деген жауабынан танбады» (Нәсаи, Сиям риуаят еткен).

 

Сондай сауабы мол оразаның бірі – Шәууал айындағы оразаның артықшылығы қандай? Осыған қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген кейбір мәселелерге тоқталуды жөн көрдік.

 

1. Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Яғни, мұны ұстау ешкімге міндет емес, адамның өз ыхтиярында. Дегенмен, мұны ұстамаған жан жоғарыда келтірген Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисіндегі бір жылдық оразаның сауабынан құр қалады.

2. Шәууәл айының нәпіл оразасы тек Шәууал айында ғана ұсталады. Және оны айт күнінің екінші күнінен бастап ұстаса болады.

3. Шәууәл айының нәпіл оразасын арасын үзбей қатарынан, сонымен қатар арасын үзіп бөлек-бөлек күндерде де ұстауға болады.

4. Рамазан айында түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған кісілер Шәууәл айында әуелі Рамазанның қазасын өтеуіне де, сонымен бірге Шәууәлдің алты күндік нәпілін ұстаса да болады. Дегенмен, Рамазан оразасын толығымен ұстау Алла Тағаланың бұйрығы екенін ескерген жөн. Ал, Шәууәл айында 6 күн ораза тұту Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті болғандықтан алдымен оразаның қазасын өтеу абзал. Себебі, адамның белгіленген ажалы айтпай келетіндіктен, алдымен парыз оразаның қазасын толық өтеп, нәпіл оразаны одан кейін ұстаған дұрыс. Бұған қоса жоғарыда келтірілген хадисте «Рамазан оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса» делінгенін ескерсек, әуелі Рамазанның қазасын өтеудің абзалдығын ұғамыз.

5. Осы айда қаза оразасын ұстап, нәпіл ораза ұстауға уақыты жетпей қалған адамдар үшін де Шәууәл айының уәделі сауабы үміт етіледі. Бірақ бұл нәпіл оразаға уақыты жетпей қалғандар үшін. Әсілінде, әр оразаны жеке-жеке ұстау қажет. Бұл жоғарыда келтірілген бір жылдық сауаптың математикалық есебіне де сай келіп тұр.

6. Рамазан оразасын ұстамаған адамдарға да Шәууал оразасын ұстауына болады. Алайда, олар Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүйіншілеген бір жылдық оразаның сауабын ала алмайды. Себебі, Рамазан оразасы – бізге парыз етілген ораза.

7. Шәууал оразасы да Рамазан оразасы секілді «таң» намазынан (Таң намазына 10 минут қалғанда ауыз бекітіледі) басталып, «шам» намазына яғни, күн батқанға дейін жалғасады.

8. Шәууал айының алты күндік оразасын әр аптада екі күнге бөліп, әсіресе, аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері ұстаса, нұр үстіне нұр. Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Дүйсенбі күні мен бейсенбі күні (апталық) істеген істер Аллаға ұсынылады. Менің істерім Аллаға көтерілерде аузымның берік болғанын ұнатамын» деді (Тирмизи).

 

Рамазаннан кейін Шәууал айында алты күн ораза тұтудың жыл бойы ауыз бекіткенге теңестірілуі – Алла Тағаланың мейірімінің шексіз екенінің бір көрінісі. Яғни, Хақ Тағала Өзіне тән рахымымен құлының жасаған ғибадатына бірнеше есе артық сауап жазып, ақыретімізді құтқаруға илаһи мол мүмкіндік тудырады.

ПІКІР (19)

Алиакбарова

Шәууал айындағы оразаның артықшылығы

Айсулу

aaaaaa

Айсулу

Шаууал айындагы Өскемен қаласы бойынша кесте керек еді

Нұргүл

Сəлеметсіз бе? Атырау қаласы бойынша Шəууəл айының кестесі керек еді. Сосын ауыз бекітерде, ауыз ашқанда оқитын дұғасын жазсаңыздар екен. Оразаның қаза болған күніне оқитын ауыз бекіту, ауыз ашар дұғасын жазсаңыздар. Рахмет.

Erjan

Assalaumagaleikum bauirlar!!! Wauual aii mubarak bolsin,ustagan orazalarimiz kabil bolsin!!!Allamiz jar bolsin!!!

Сафуан

Әссаламуағалейкүм! Шәууәл айының Атырау қаласы бойынша намаз кестесін жіберсеңіздер екен! Аллаһ Разы болсын!

Айдана

Салеметсиз бе! Шаууал айынын Актау каласы бойынша кестесин жибересиздерма? Алдын ала рахмет!

Айдана

Салеметсиз бе! Шаууал айынын Актау каласы бойынша кестесин жибересиздерма? Алдын ала рахмет!

Ыкылас

Ассалаумагалейкум Шəууəл айының кестесі керек еді. Сосын ауыз бекітерде, ауыз ашқанда оқитын дұғасын жазсаңыздар екен. Рахмет

серік сербаев

Ассаламу әлейкум құрметті асыл арна ұжымы, маған ардақты пайғамбарымызға Мұхаммед (с.а.с) Жебрейіл (а.с) келіп 10 қасиет жайлы уақиғасын толық жыбере аласыздарма, мейлі видео, мейлі аудио немесе текст түрінде... Көп рахмет. Алла разы болсын!!!

Алима Жубатыров

Сəлеметсіз бе? Кызылорда қаласы бойынша Шəууəл айының кестесі керек еді. Сосын ауыз бекітерде, ауыз ашқанда оқитын дұғасын жазсаңыздар екен. Оразаның қаза болған күніне оқитын ауыз бекіту, ауыз ашар дұғасын жазсаңыздар.сосын осы ай шаууал айына толык киреме?

Айсана

Салеметсизбе маган Шауал айындагы ауыз ашарда жане жабарда окылатын дуга керек еди

Альбина

Сәлеметсіз бе!Шәууәл айының Ақтөбе қаласы бойынша кестесін жібересіздер ме?Алдын ала көп рахмет!

Назым

Ассаламу Алейкум) Айып етпениздер, Алматы каласы бойынша Шаууал айынын кестеси бар ма? Мен кеш устайын деп отырганым жок па?? P.s биринши рет устауым ели

Маржан

Саламатсыздар ма? Сурайын дегеним Шәууәл айындагы 6 алты куннин сонгы куни кай кун ??? бугин ба ягни 12, алде ертен ба 13???. Алдын ала мын алгыс. Алла разы болсын!!!

Дəурен

Ассалаумағалайкум !

Дəурен Түсіпбек

Ассалаумағалайкум !Маған Павлодар қаласы бойынша,шəууал айының ораза ұстау кестесін жіберулеріңізді сұраймын.

рита

Ассаламуалейкум мен ораза аиында толығып толыгымен тута алмадым өйткені əиелдік жуиелеры боиынша сол кундерді тутпасаңда болады диды оиткені əиел адамының келетын нәрсесі онда Аллаға қарызбын деп аитпаиды диді сол дурыспа шəуылдір аиында 6 күн тутсам болама

Назерке
2018-06-17 18:40:50

Салеметсиздер ме Алматы каласы бойынша шаууаль айынын ораза кестесин жибересиздер ме отинищ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер