Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

Сені, таң намазына оятатын жеті себеп

Мақалалар


1. Таң намазын оқыған адам, түні бойы құлшылық жасағанмен тең.

Осман ибн Аффан (Алла оған разы болсын) былай деп куәлік етеді: Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын естідім: «Кім, кұптан намазын жамағатпен бірге оқыса, онда ол түннің тең жартысын құлшылықпен өткізгендей болады, ал таң намазын жамағатпен бірге оқыған адам түні бойы құлшылық  жасағанмен тең». ("Сахих Муслим", 260/656 ).

2. Таң намазын оқыған адам Алланың қамқорлығында болады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын): «Таң намазын оқыған адам Алланың панасында болады және Алла ол үшін еш нәрсе талап етпейді»- деген. ("Сахих Муслим", 261/657)

3. Адам  таң намазын мешітте,  жамағатпен бірге оқуды әдетке айналдырса, онда оған Қиямет күні сыйға Нұр тартылады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын): "Алла түнде (қараңғыда) мешітке барған адамның жүзін Қиямет күні нұрландырады" - деген . ("Сунан Ибн Мәжә", 781 ).

4. Таң намазын мешітте, жамағатпен бірге оқыған адам, сөзсіз Жәннатқа кіреді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын):  "Әл - Бардайнды орындаған адам - Жәннаттық", - деді.  Әл - Бардайн - Таң намазы (фәжр) жане Екінті намазы (аср). («Сахих Аль-Бухари», 548/549).

5. Таң намазын қалау ұйқыдан артық және ол тағдырды жеңілдетеді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын) былай деп айтқан: "Таңғы ұйқы адамның ырысын азайтады"  («Әл-Жами`ус-Сағир», 5129).  Оның мәні: Таң намазы мен күннің шығу уақыты зікір жасайтын уақыт.  Алланы еске алатын кез. Ибн Қаййм осыған байланысты былай деген: "Таңғы ұйқы берекетті қашырады. Оның себебі - бұл уақыт ризық бөлінетін уақыт."

6. Таң намазын оқу – бүкіл әлемнің байлығын қолыңа ұстағаннан артық.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын) :" Таң намазының екі ракағаты (сүннеті) бүкіл әлем мен оның ішіндегі бар байлықтан артық"-деген. («Сахих Муслим», 96/725).

7. Таң намазын оқыған адамға періштелер куәлік етеді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын):" Сендерге түнде бір періштелер, күндіз бір періштелер алмасып келіп тұрады. Олар таң намазы мен аср намазында жиналып,  сендермен түнде бірге болғандары (көкке) көтеріледі. Сонда (Алла) Өзі жақсы біліп тұрса да олардан: «Пенделерімді қандай жағдайда тастап келдіңдер?»—деп сұрайды. Олар: «Біз оларды намаз оқып жатқандарында тастап келдік, сондай-ақ олар біз оларға барғанымызда да намаз оқып жатыр еді»,—деседі»,—деген. «Сахих Аль-Бухари», 530) 

8. Таң намазын оқыған кісіні Алла Тағала жарылқайды және оған береке сыйлайды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын) өзі Аллаға жалбарынып: " Уа Алла, үмметімнің таңын игі (берекелі) ете гөр", - дейтін. (Суннан ат - Тирмизи).

 

ПІКІР (54)

Айзат Оменова

Ешкандай пикирим жок. Намаз окуды уйренип, діни сауатымды ашқым келеді.

Мухамбеткалиева

Аллага сансыз мадактар болсын. Намаз окимын бирак иманым алсиз.

Арман

Ассалаумағалейкум, намаз оқып жүрмін, діни сауатымды арттырып, иманымды күшейткім келеді

Кенже

Ассалаумагалейкум, намаз уакыттары мен кунделикти сабак алатындай уагыздар болса.

Акторе Орынкул

Ассалаумагалейкум мусылман бауырларым,сиздерден комек тан намазга туруым киындау кейде турмаи каламын

Жанайдар

Жақсы жазба екен, біліп жүретін болдық! Алла разы болсын!!!

дамира

Ассалаумагалейкум намаз окып журмин, иманымды кушейтким келеди

Гулайым

Ассалаумагалейкум! Намаз окимын иншалла, бирак иманым. Алсиз, Тан намазына уйыктап каламын

Фариза

Жаксы жазба екен! Алла разы болсын! Намаз окып уйренгим келеди. Ниеттенип журмин.

Jazira

Internet jelilerin oz tyimdiligimzge paidalansak ote keremet, Allahtin dinin jayu jolinda!

Сейтжан

Аллага сансыз шукир.

Кубенов Алтынбе

Ассалаумагалейкум мусылман бауырлар!Алла разы болсын!тан намазы Бамдатты жамагатпен мешитте окуга алла барлыгымызга насип етсин!

Ерболат

Ассалаумагалейкум нур устине нур болсын!Алла улы

Шерхан

Ассалямагалейкум Алла разы болсын коп коп рахмет! !!

Наурыз

Жақсы жазба екен. Алла разы болсын

Динара

Ассалаумағалейкум!Намаз оқимын 3 баланың анасымын.арасында таң намазына тұралмай қалам.иманымды күшейткім келеді

Гул-Фарида

Ассалямуалейкум алхамдулиллях, Аллаху Акбар!!!!

Баумуратова Шол

Мухаммеджан агамиз бастаган бор топ асыл жандар Казагымнин улт мудесин оилаган текти жандар Аллахымнин нуры жаусын сиздерге Осы тилек бар менин журегимде

Бибімәриям

Әссәләму'ағалейкум уәрохматуллоhи уәбәрокәәтух Аллаға Шүкір Намазым мен бақыттымын бірақ Иманымды одан сайын күшейте түскім келеді Алланың алдына тек жақсы істерде жарысуымды қалаймын сауап істер істегім келеді армандарым өте көп Дінімізді сақтап қалғым келеді Елімізде зұлымдық болмаса екен адамдардың бәрін Мешітке шақырып Діндерін сақтап қалуларын қалаймын Аянбай құлшылық етіп біргелікте жақсылықта жарысып Арманым ЖӘННӘТ.айта берсем өте көп.Алла сіздерге разы болсын. Әссәләму'ағалейкум уәрохматуллоhи уәбәрокәәтух

Асқар

АЛЛА разы болсын

Зиябеков Мағжан

Әр қашан діни білімімзді арттыруға септігіңіз ұшан теңіз "асыл арна" ұжымы

Мөлдір

Таң намазын оқығым келіп жүр бірақ иманым ілсіздеу сияқты.

Анар

Ассаламағалейкүм уә рахматүлләһи уә бәрәкәтүһ! Істеріңізге Алла береке берсін! Рахмет! Намазымды бес уақыт оқимын. Аллаға сансыз шүкір!

Нұрсұлтан

Ассалаумағалейкум уа раxматуллаxи уа баракатуһ. Намаз оқимын осындай намазға деген ниетті күшейтетін xадистер ғибратты әңгімелер көп болса деймін

Сымбат

мен намаз окып журмин брак мешитке баралмай журмин не кедергы оны билмедим. Тан намазын кейде откызип аламын.

Замира

Аллаху Акбар

Сауле

Аллаға шүкір Осындай күнге жеткенімізге.Мен КҰРАН оқып үйренгім келеді.

Кабанбаи

Ассалаумагаликум намаз окуга ниетим бар

Сымбат

Катты унады мына макала! !!

Айдана

Ассалаумагалейкум! Намаз оқығанмын, 2 жылдай болды намазым үзіліп қалды, қайта бастауға иманым әлсіз бірақ ниетім бар, діни білімімді арттырғым келеді

edil

Assalaymagaleikym bastisi tayxit.Ixsan darejesine jetkim keledi.

Абай

Ассалаумагалейкум,мен биылдан бастап намаз окимын,бiрак журекте иманым алсiз деу не iстеу керек,сосын напiл намаздарын ар намаз сайын оку парыз ба,истихара намазын куптаннан кейiн 2 ракгат кафирун 2 ракгат фалак оку керек па

Данияр

АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН!!!

Гульзат

Иманды кушейту туралы,журекти жумсарту,емдеу,озин коркем минездиликти тарбиелеу жайлы кобирек жарияласаныздар екен.

Кундызай Нураш

оте жаксы себептер) бастысы ниеттенген адамга барлыгы менинше онайга туседи))

Жандос

Ассалаумагалейкум намаз окып журмин, иманымды кушейтким келеди

Рамазан

Ассалаумағалайкум бауырлар! Намаз окимын иншалла, бирак иманым əлсіздеу. Мен де тан намазына ұйықтап қала берем. Қасымда қоршаған ортам достарым, туыстарым ешкім намаз оқымайды. Кеңес беріңіздерші!

Толкын Омарова

Алла разы болсын! Аллага шүкір, отбасымызбен намаз окимыз, иманымызды кушейткымыз келеді

Омаров Куандык

Ассалауму алейкум жамагат бауырлар... намаз окимын бирак иманым алсиздеу... жаксы насиат создер болса журекке иман барип оятатын...

Абишева Улпан

Жақсы мақала екен. Алла разы болсын!!!

Жанат

Намаз оқып жүрмін . Иманымды күшейткм келеді

Ғалымжан

Әссалуамағалейкум таң намазын үйде оқысам бола ма?

Молдир

Куран хадистер пикирлер

кайрат

Алла разы болсын жаксы сайт жане асыл арна каналы

толик

Бойдақ)

Ержан

Макала оте жаксы. Алла разы болсын! Ниеттеринизди Алла кабыл етсин.

Назерке

видеороликтеріңізді күтемін! Рахмет!

Салтанат

Алла разы болсын! Жаксы жазба екен. Есімде болады.Менің иманым əлсііз иманымды берік етким келеді осындай жазбаларды оқып.

Сымбат Аширбаев

Алла разы болсын сиздерге

Жадыра

Алла разы болсын бираз нарсе билдим

Махамед

Тан намазынын еки ракат суннетин окыган адам ен бай адам.

Гулмира

Ассаламуалейкум! Намазга жыгылуга ниетим бар. Иманымызды кушейтетин макалалар коп болса екен.

Жанат

Алла разы болсын! Иманымды күшейткім келеді.

Make Matzhan

Асаллам'уагаликум уа рахматуллахи уа барактух осындай жазбалар шыгарып жаткандарынызга,алла разы болсын ин ша аллах Алла женилдик берсин жумыстарынзга.касиетти Рамазан айы кабыл болсын барша мусылмандарга

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер