Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

Сәресі мен ауызашардың әдептері

Иман

Сәресі мен ауызашардың әдептері

Оразаның әр күні сәресі ішуден басталады. Сәресі деп Рамазан айында ораза ұстау ниетімен таң атпастан бұрын тамақтануды айтады. Бүгінде ораза ұстаушылардың көпшілігі түнде тойып ішіп-жеп, сәресін ішпей, оразасын ары қарай жалғастыра беруді әдетіне айналдырған. Алайда, сәресінің сіз бен біз біле бермейтін пайдалары мен артықшылықтары ұшан-теңіз. 

Сонымен, біріншіден,  әрбір мұсылман түннің соңғы бөлігінде ораза тұтуға ниет етіп, сәресін ішкені жөн. Неге? Өйткені, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Таң атпастан бұрын тамақтаныңдар, өйткені сәресінде береке бар!», — деген (Бұхари, Муслим). Адамның кейде сәресіне тұрмаған күндері біртүрлі әлсіздік сезініп, өзін жайсыз сезінуінің себебі осыдан.  

Екіншіден, «Расында, Алла және Оның періштелері сәресін ішкендерге салауат айтады» (Ахмад). Енді өзіңіз ойлаңыз, аса Құдіретті, әлемнің Иесі Алланың өзі есендік тілеген пенде қалай ұтылмақ? Жоқ, оның бұл күні амандықта, есендікте болатыны анық!

Үшіншіден, сәресі – сіздің, яғни мұсылманның оразасы мен христиандардың, яһудилердің оразаларын бір-біріне ұқсатпай ерекшелеп түратын бір айырмашылық. Өзге дін өкілдері де біз секілді ораза ұстайды. Сондықтан Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, біздің оразаның өзге Кітап иелерінің оразасынан айырмашылығы — сәресі ішу», - деген (Муслим). 

Сәресін ішудің маңыздылығы туралы хадистер өте көп.  Ибн `Амр, Әбу Са`ид және Әнастан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір жұтым сумен болса да сәресін ішіңдер», - десе, келесі бір хадисте  «Расында, сәресіде игілік бар, сондықтан оны қалдырмаңдар», — деген (Ахмад). 

 

Сәресі қай кезде ішіледі?

Сәресінің уақыты таң атуға жақын қалғанда басталады. Егер адам таң атпастан бірнеше сағат бұрын немесе ұйқыға жатар алдында тамақтанса, онда бұл сәресі болып саналмайды. 

Сәресін түннің ақырғы бөлігіне дейін қалдыру керек немесе тіпті, дәл таң намазының алдына жақын тамақтанған абзал. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бізге, пайғамбарларға ауызды уақыты кіруімен ертерек ашып, сәресін кешірек жасау әмір етілген», — деген (Ибн Хиббан, Табарани).

Адам таң ата бастағанына анық көзі жеткенше тамақтана беруіне рұқсат етіледі. Алла Тағала Құранда: «Таңның ақ жібі мен қара жібін ажырата алғандарыңша жеңдер және ішіңдер», - деген («Бақара» сүресі, 187 - аят). Ал қазір бізде бұл жағдай арнайы бекітілген ораза кестесі арқылы жеңілдетілген. 

 

Ауызашар

Ауызашар – ораза ұстаушылардың оразасы тоқтатылатын күн батқан мезгіл. Немесе мұны қарапайым тілмен ақшам намазына азан шақырылған кез деп түсіндіруге болады. Омар ибн әл-Хаттабтан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «... күн батқан кезде ораза ұстаушылардың оразасы тоқтатылады», — деген (Бұхари, Муслим).

 

1.     Ауызашар жай тамақ ішетін кез емес, ол – Алла сізді тозақтан азат ететін сәт!

 «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Ұлы әрі Құдіретті Алланың әрбір ауызашар кезінде Оттан босататын құлдары бар. Әрі бұл әрбір түн сайын орын алады!», - деген (Ибн Мәжаһ).

2.     Ауыз ашуға  асықсаңыз, игілікте, жақсылықта боласыз!

Ораза ұстаушы адам ауыз ашар уақыты кірсе де, оразасын бұзуға асықпай, уақыт өткізіп жүре беруіне болмайды. Себебі, ауыз ашуды кешіктіру яһудилер мен христиандарға тән (Әбу Дәуд, Нәсаи, Хаким). Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдар ауызашарларына асығып жүргендеріне дейін игілікте болады», - деген (Бұхари, Муслим).

3.     Ауызашар алдында жасалған дұға мен Алланың арасында перде болмайды!

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында, ораза ұстаушының ауызашар алдында жасаған дұғасы қайтарылмайды» (Ибн Мәжаһ, Хаким).

 

Ауызды немен ашу керек?

 Сүннет бойынша ауызашарды жаңа піскен немесе құрғақ құрмалармен немесе сумен бастаған абзал. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерден біреу ауыз ашатын болса, құрмамен ашсын, ал егер ол құрманы таба алмаса, онда су ішсін, өйткені, расында, ол тазартады», - деген (Әбу Дәуд, Тирмизи, Ибн Мәжаһ). Егер ол да болмаса, оразасын іштегі ниетімен тоқтатуы тиіс.

 

Алдымен ақшам намазын оқимыз ба, әлде ауыз ашамыз ба?

Ауызды намаз оқудан бұрын ашу керек.  Әнас ибн Мәлик (р.а) былай деген: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ораза кезінде сумен болса да ауызын ашпастан ақшам намазын оқығанын ешқашан көрген емеспін» (Әбу Яғлә, Ибн Хузайма).

 

Ауыз ашқанда қандай дұға оқимыз?

ذهب الظمأ وابتلت العروق وثبت الاجر إن شاء الله

Зәһаба ззома-у уәбталләтил-‘уруқ, уә сәбәтәл-әжру иншә-Алла.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ауызын ашқан соң: «Шөл басылды, тамырлар нәрге толды, Алла қаласа, сауап та бізді күтіп тұр», - деп айтатын (Әбу Дәуд, Бәйһақи).

 

ПІКІР (42)

Ашимова Акерке

.

Ерланова Маржан

.

Дауренбек Гулжа

..

Дауренбек Гулжа

..

Арапова Ұлдар

Жана роликтеринизди кутемин

Шакарим Айсаул

Ораза қабыл болсын!

Кусайн Даурен

Алла разы болсын Оразаларын берик болсын журтымыз тыныш елимиз аман болсын

Төлегенов Ерасы

Қасиетті Рамазан Айы Мубарак болсын!

Майра

Рамазан айында мол сауаапқа кенелейік!

Майра

Рамазан айында мол сауаапқа кенелейік!

Нұрлыбек

Құрметті мұсылман бауырлар ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Алла тағала біліп білмей істеген күнәларыңызды кешіріп екі дүние бақытын нәсіп етсін. Еліміз тыныш болсын.

Аяжан

Ораза қабыл болсын ұстаған жан!

Uldana

Нұр шашқан айда сауаптан мақұрым қалмауды жазсын!

Uldana

Нұр шашқан айда сауаптан мақұрым қалмауды жазсын!

Асем

Рамазан айы муборак болсын!

Арғын

Ұстаған оразамыз қабыл болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Аумин!

Тойжан Райымбек

Ораза кабыл болсын !!!

Гулден

Баршанызга оразаларыныз кабыл болсын!

Ермек

Рамазан айы мубарак болсын!

Жунусова Санду

Рамазан айы Мубарак болсын халайык

Жамиля

Алла разы болсын, Ораза кабыл болсын!!!

меруерт

Касиетти Рамазан айы мубарак болсын

Ыбырайым Гулзир

Қасиетті Рамазан Айы Мубарак болсын! Ораза қабыл болсын! Whatsapp-тан жаңа роликтер алу үшін номеріңізді қалдырдым!

Олжас

ниеттериниз кабыл болсын

Нұрлан

Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын жамағат!

Алибек Мухтаров

Жана роликтер кутемин

нурсауле

Ораза кабыл болсын!!!

СайыноваТазагул

Алла тилектеримизди кабыл кылгай! Оразаларымыз берик болгай!

Гуля Абдешова

Коп рахмет

Абилдаева Сулу

Отанамыз тыныш Ел басымыз аман болсын.Əр бір мусылман устаган оразасы кабыл болсын.Біліп білмей жасаган кунəлəрімізді Алла Тағала кеширсін осы касиетти Ораза айында.

Абилдаева Сулу

Отанамыз тыныш Ел басымыз аман болсын.Əр бір мусылман устаган оразасы кабыл болсын.Біліп білмей жасаган кунəлəрімізді Алла Тағала кеширсін осы касиетти Ораза айында.

Дидар Нурлан

Қасиетті Рамазан Айы Мубəрəк Болсын) ))

Аманжан.Енбаев

Оразамыз қабыл болсын барша мұсылман бауырлар

Назым

Alla razi bolsyn

Айгерим

Ораза кабыл болсын

Максат

Жаңа ролик күтемін.

Жамал

Рамазан айы мүбәрак болсын....мени қосыңызшы видео алсам дим

Әбіш Салтанат

Рамазан айы мүбәрак болсын

Керімбай

Алла тағала оразаларыңызды қабыл етсін ,Елімізде тыныштық болсын бауырлар!

Керімбай

Алла тағала оразаларыңызды қабыл етсін ,Елімізде тыныштық болсын бауырлар!

Парманова Айжан

Мен азанда сəресіге ерте тұрып уақыт бар екен деп сəл жататұрайын деп ұықтап қалыппын сол күні аузымда 1 күнге аштым олым қате ма?

2018-05-16 15:57:38

Рамазан айы мүбәрәк болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныщ болсын! Сәресіде қандай дұға оқылуы керек?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер