Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

РАМАЗАННАН КЕЙІНГІ ҰЛЫҚ АЙ НЕМЕСЕ МҰХАРРАМ АЙЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Иман

        

    Милади жыл санауы сияқты мұсылман күнтізбесі (Һижра) бойынша әрбір жыл 12 айдан тұрады. Аспандағы ай он екі рет жаңадан көрінгенде, бір жыл толған болып есептеледі. Әр айдың өз атауы бар. Олар: Мухаррам, Сафар, Рабиғул-әууәл, Рабиғус-сәни, Жумәдәл-улә, Жумәдәл-ахира, Ражәб,Шағбан, Рамазан, Шәууәл, Зул-қағда, Зул-хижжа. Соның ішінде Мухаррам бірінші ай болып есептеледі. Жаратушы Раббымыз "Тәубә" сүресінің 36-аятында: "Расында, Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі ай. Бұлардан төртеуі қасиетті айлар. Міне осы - берік дін. Ендеше, бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер! ...Алланың тақуалармен бірге екенін біліңдер!"-деген.

         Әйгілі тәпсірші ғалым әл-Қуртуби харам айлары жайлы айтылған осы аятты: "Алла Тағала харам айларын ерекше құлшылықпен өткізуді және ол айларда зұлымдыққа жол  бермеуді бұйырған" - деп тәпсірлейді.

         Ал Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) болса, бұл жөнінде: «Заман - Алла аспандар мен жерді жаратқан күндегідей қалпына қайта айналып келді. Бір жылда он екіай бар. Оның төртеуі қасиетті. Үшеуі бірінен соң бірі келеді: Зул-қағда, Зул-хижжа жәнеМухаррам, ал төртіншісі—Жумадә мен Шағбан арасында келетін Ражәб айы»,—деген.

Мұхаррам айының артықшылықтары

         Әбу Зәррдан (р.ғ.) жеткен хадисте ол былай деген: "Мен: "Уа, Алланың елшісі, түннің қай мезгілі хайырлы және айлардың қайсысы абзал?" - деп сұрадым. Ол: "Түннің ортасы хайырлы, алайлардың сендер Мұхаррам деп атап жүрген Алланың айы абзал" - деп жауапберді". (Тәзкиратул-Хуффаз)

         Белгілі ғұлама  Хасан Басри және өзге ғалымдар: "Харам айларының ішіндегі ең абзалы - Алланың айы-Мұхаррам " - деген пікір айтқан. Кейінгі ғалымдар да осы ұстанымды дұрыс деп тапқан.Мәселен, Ибн Жәрир: "Алла Тағаланың әрбір һижра жылын харам айымен бастап, соңын харамайымен аяқтауында  үлкен мән жатыр. Айлардың ішінде Алла үшін Рамазаннан кейінгі ең қадірлісі- Мұхаррам айы" - деген.

         Муслимнің "Сахих" жинағында Әбу Һурайрадан (р.ғ.) жеткен хадисте:"Оразаның Рамазаннан кейінгі абзалы - Алланың айы -Мұхаррам, ал намаздың парыздардан кейінгі абзалы - түнгі намаз" - деп айтылған .

Мұхаррам айында қасиетті бір күн бар.

         Ол күні ұлы оқиға болған. Алла тағала Мұса пайғамбар мен оның қауымын құтқарып, Перғаун әскерін теңіз түбіне батырды. Міне, сол оқиғадан кейін, Мұхаррам айындағы осы бір күнге ерекше мән беріледі. Шариғатымызда ол күн "Ашура күні" деген атпен белгілі. 

Бірде мұсылмандар Ибн Аббасқа (р.ғ.) келіп, одан Ашура оразасы жайлы айтып беруін өтінеді. Ол: «Қашан Мухаррам айы туғанын көрсеңдер, есептеп, тоғызыншы күні таңертең ораза ұстаңдар», – дейді. Олар: «Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дәл осылай тұтатын ба еді ?» – деп сұрайды. Сонда ол: «Иә», – деп жауап береді.

Ашура күніндегі құлшылық

            Айшадан (р.ғ.) жеткен хадисте ол: «Құрайыштар Исламға дейін Ашура күні ораза тұтатын және ол күні Алла елшісі де (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ораза тұтатын еді. Мәдинаға келгеннен соң да Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сол күні ораза тұтты және ораза тұтуды бұйырды. Ал Рамазан парыз етілген соң, ашура күнін міндеттемеді, қалаған кісі тұтатын, ал қаламаған кісі тұтпайтын»,—деген.

            Мұхаррам айының оныншы күнін яғни Ашура күнін оразамен өткізу сауапты іске жатады.Бұхари мен Муслимнің "сахих" жинақтарында Ибн Аббастан (р.ғ.) мынадай дерек келтіріледі: Аллаелшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға қоныс аударып келгенде, Мәдиналықяһудилердің Мұхаррам айындағы Ашура күні ораза тұтып жүргенін көреді. Алла елшісі (ОғанАлланың игілігі мен сәлемі болсын) олардан: «Сендер ораза тұтып жүрген бұл қандай күн?» –деп сұрайды. Олар: «Бұл – ұлы күн, онда Алла Мұса мен оның қауымын құтқарып, перғауын меноның қауымын суға батырған. Мұса бұл күні шүкіршілік ретінде ораза тұтқан, сондықтан біз дебұл күні ораза тұтамыз», – деп жауап береді. Сонда Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлеміболсын): «Сендерге қарағанда Мұсаға біз көбірек құқылымыз әрі оған біз көбірек лайықпыз», – деді. Сөйтіп Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы күні ораза тұтып,мұсылмандарға да осы күні ораза тұтуды бұйырады.

         Ғұлама Ибн Хажар Ашура күнінің артықшылығына тоқталып:"Рамазаннан өзге күндері ораза тұтқысы келген кісі үшін Мұхаррам айындағы Ашура оразасы ең сауапты құлшылық болады", - деп айтқан.

Ашура оразасын тұтудың әдептері

         Айшадан (р.ғ.) жеткен хадисте ол былай деген: «Рамазан парыз болмай тұрып (адамдар) Ашурада ораза тұтатын еді және сол күні Қағбаға (жаңа) жабу жабылатын. АлАлла Рамазанды парыз еткен кезде Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім онда (яғни Ашура күні) ораза тұтуды қаласа, ораза тұтсын, ал кім оны тоқтатқысы келсе,тоқтатсын»,—деді». (Бұхари)

         Муслимнің "сахих" жинағында Ашура күні ораза тұту бір жылдық қателіктерді жуады деп айтылса, ал қажылық кезінде Арафат күнгі ораза екі жылдық күнәға кәффарат болады делінген. Білім иелерінің түсіндіруінше, Ашура оразасы Мұса пайғамбарға қатысты, ал Арафат күнгі ораза Мұхаммед пайғамбарға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  қатысты. Сондықтан, әр құлшылықтың өзіндік орыны болғанымен, Арафат күнінде ораза тұту Ашура оразасынан гөрі абзал болып есептеледі.


         Мұхаррамның 10-ы  күні тек бір күн ораза тұту дұрыс па?


         Оразаны Мұхаррамның 10-шы күні ғана тұтып қоймаған абзал. Олай ету құлшылықта өзге дін өкілдеріне ұқсау болып табылады. Сондықтан, оразаны 9-шы және 10-шы күндерде қатар тұтқан жөн. Ал 11-ші күнді қосып тұту "ықтият оразасы" деп аталады. Қатарынан үш күн бойы ораза тұту да сауапты іске жатады.


         Рубәйиғ есімді сахаба әйелден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  Мұхаррамның оныншы, яғни ашура күні таңертең ансарлардың ауылдарына шабарман жіберіп: «Таңертең кім ораза тұтпаған болса, күннің қалған бөлігінде ораза ұстап, аяғына дейін жеткізсін, ал кім таңертең ораза ұстаған болса, ары қарай тұта берсін» деп хабар таратады. Міне, содан бері мұсылмандар үшін Ашура күні ораза тұту сауабы мол мұстахаб амал болып есептеледі. Сондай –ақ, Мұхаррам айындағы құлшылық тек ораза тұтумен ғана шектелмейді. Бұл айды Алла қасиетті еткендіктен зұлымдық атаулының барлығынан аулақ болып, керісінше Алланың разылығына жетелер қандай да бір ғибадат түрлерін мейлінше көбірек орындауымыз тиіс.

ПІКІР (7)

Әбжаппар Жанболат
2018-09-11 11:54:33

Жақсы ұнады Алла разы болсын !!! Ашура күніне бір еүн қалғанда емкерсеңіздер екен !!! Алдын ала рахмет!!!

2018-09-11 13:02:27

Оразасы қай күнге түседі

Nurlibek
2018-09-11 13:31:30

Қай күңге келеді

Nyrghamal
2018-09-11 15:02:05

Кундерын.жане уактыын анык жыберуге болама. 3 кун ба.

2018-09-12 03:31:35

Алла жасса 19,20,21 кыркуйек Мухаррам айынын9,10,11 кунине келип тур, Алла тагала ниеттеримизди кабыл алсын

Аяулым Рахымжанкызы
2018-09-12 13:46:43

Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух! 19-20-21 уш Кун бекитемизгой! Тан намазына 5:39 дейын бекитесиздер! Бекиту 19куни 5:39,20куни 5:41, 21куни 5:42 ге дейын бекитемиз! Ауыз ашар 19куни 19:21, 20куни 19:19, 21куни 19:17 де!!!! Ниеттериниз кабыл болсын!

Аяулым Рахымжанкызы
2018-09-12 13:46:44

Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух! 19-20-21 уш Кун бекитемизгой! Тан намазына 5:39 дейын бекитесиздер! Бекиту 19куни 5:39,20куни 5:41, 21куни 5:42 ге дейын бекитемиз! Ауыз ашар 19куни 19:21, 20куни 19:19, 21куни 19:17 де!!!! Ниеттериниз кабыл болсын!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер