Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

Нобель сыйлығының лауреаты Ёсинори Осуми ашығудың бес пайдасын ұсынады

Мақалалар

 

 

 

Ғалымдарға жыл сайын қоғам дамуына қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығы беріледі. Биылғы сыйлық ашығудың пайдасын зерттеген жапониялық  ғалым Ёсинори Осумиге  (Yoshinori Ohsumi) берілді. Ол өз еңбегінде ашығудың адам өміріне пайдасы туралы айтқан. Ол «Аутофагия механизмін ашқаны үшін» марапатталды.

Аутофагия – бұл қоқыстардан құралған жасушаның қажетсіз бөліктерін өңдеу. Бұл термин екі грек сөзінен «өзі тамақтану» немесе «өзі қоректену» деген мағынаны білдіреді. Ашығу – ішкі рухани тазалыққа апаратын жол. Ашығудың мақсаты бүкіл ағзаны сауықтыру, оның барлық қызметін қайта құру, жаңарту.  

 

 

 

Ағзаға қосымша күш-қуат береді. Мен ағзаның аштық кезінде өзін-өзі тазартатынын тәжірибе арқылы дәлелдедім. Бұл үдерісті микроскоппен көру мүмкін болмағандықтан, ашытқы саңырауқұлағын жасанды жолмен өсіріп, оның жасушасындағы аутофагияға жауап беретін вакуольдің қызметін жойып, ағзаны ашықтырдым. Осы арқылы ағзаға аштық жариялап тұру арқылы оны тазартуға болатынын білдім. Аутофагасомалар ағзадағы ескірген, істен шыққан ақуыздар мен өзге де органикалық заттарды жойып, тазалап отырады. Қажетсіз заттардан арылу ағзаға қосымша күш-қуат береді. Бұл үдеріс аштық кезінде қарқынды жүреді.

Шыдамдылығыңыз шыңдалады. Ашығу ас қорыту мүшелерінің, бауырдың қызметін жеңілдетеді. Ашығу үстінде бауыр едеуір өзгеріп, кейіннен айтарлықтай жақсы жұмыс істей бастайды. Сезу мүшелерінің бәрі де қайта қалпына келіп, қызмет деңгейін жоғарылатады. Сауықтырудың басқа бір де бір әдісі ағзаға осыншалықты табысы мол өзгерістер әкеле алмайды. Ашығудан соң қан айналымы жақсарып, күш-қуат артып, тамақ жақсы сіңіп, шыдамдылығыңыз шыңдалады. Ашығудан кейін ақыл-ойыңыз тәніңізді толық бақылайтындай деңгейге дейін өседі. 

Ерте қартаюдан сақтайды. Ағзаның өзін-өзі тазартуы оны түрлі вирустар мен қауіпті заттардан, ерте қартаюдан сақтайды. Себебі, ол кезде жарамсыз ақуыздар, жасушадағы зақымдалған элементтер ағзадан шығарылып, ретке келтіріледі. Заманауи медицинаның күші жетпей отырған ауруларды емдеуге жол ашады. Бұл тәжірибе қатерлі ісік, гепатит сияқты ауруларға шалдыққандарға пайдалы. 

Түрлі «қоқыстардан» тазартады. Ашығу – өзіңді бірдемеден тежеу емес, керісінше тамақтану. Сен өз тәніңді тамақтан тежеген мезетте басқа денелерің жұмыс істей бастайды. Ашығу – өзіңді мазалап бөгет жасап жүрген ойлардан да бас тарту. Бізге қатты суық тигенде тамақтанғымыз келмейді. Себебі, организмнің қорғаушы реакциясы пайда болып, жаңа жасушалар қалыптасады. Ал, жасушалардың керексіз бөліктерінен тазару, яғни жиналып қалған түрлі «қоқыстардан» айығуы ашығу арқылы жүргізіледі.

Денсаулықты бастапқы қалпына келтіреді. Әлемде дәрі-дармекке тәуелді созылмалы аурулар көбейіп, осы дарілердің жанама әсерлерінен науқастар (лекарственная эпидемия) зардап шеккендіктен, ашығудың негізінде денсаулықты бастапқы қалпына келтіру, қазіргі ғасырдың басты талабы.  Ашығу – осы келеңсіздіктердің алдын алады. Ашығу – дені сау, әрі әдемі, көрікті, келбетті сұлу болу ушін, әрбір адамға міндетті түрде қажет.

 

life.ru

ПІКІР (2)

Нұржан

!!

ГОКСИ

АШЫҒУДЫҢ ТҮРЛЕІ ТУРАЛЫ ДА КӨБІРЕК ЖӘНЕ ЖИІ ЖАЗСАҢЫДАР!!!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер