Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

НАМАЗДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР

Иман


Субханәкә

Уа, Аллам! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак. Және де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ. 

«Субханәкә Аллаһумма уа  бихамдика уә тәбәрәкә-смука уә тә'ала жәддукә уә лә иләһә ғайрук»


سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَ بِحَمْدِكَ وَ تَبَارَكَ اسْمُكَ وَ تَعَالَى جَدُّكَ وَ لاَ اِلاَهَ غَيْرُكَ

Лағынеті шайтанның азғыруынан бір Өзіңе сыйынамын.

«Әғузу биллаһи минаш-шайтанир-ражим»


أَعُوذُ بِالله مِنَ الشَّيْطانِ الرَّجيمِ


Алланың есімімен.

«Бисмил-ләәһ»

بِسْمِ الله


Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк. 

«Субхана раббиял азим»

سُبْحانَ رَبِّيَ العَظِيم


«Алла Ұлық!»
«Аллаһу әкбар» 


الله أكبر


Алла Өзін мадақтаған жанның мадағын естиді.

«Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» 


سَمِعَ اللَّه لِمَنْ حَمِدَهُ

«Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк»
«Субхана раббиял ағләә»

سُبْحان رَبِّيَ الاَعْلَى


Әт-тахият

Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаға лайық. Уа, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Алланың рақымы мен берекеті жаусын! (Уа, Раббымыз!) Сәлем бізге және Алланың салиқалы құлдарына болсын. Мен Алладан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне, хазіреті Мұхаммед Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.  


«Әт-тахияту лилләһи уас-салауаату уа-таййбәәт, әс-сәләәму ’аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллааһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму ’аләйнә уа ’алә ’ибәдилләһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ’абдуһу уә расуулуһ». 


اَلتَّحِيَّاتُ لِلَّهِ وَ الصَّلَوَاتُ وَ الطَّيِّبَاتُ* اَلسّلاَمُ عَلَيْكَ اَيُّهَا النَّبِىُّ وَ رَحْمَةُ اللَّهِ وَ بَرَكَاتُهُ* اَلسَّلاَمُ عَلَيْنَا وَ عَلىٰ عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ* اَشْهَدُ اَنْ لاَ اِلاَهَ اِلاَّ اللَّّهُ وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَ رَسُولُهُ


Аллаһумма салли

Уа Аллам! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына салауат еткенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына салауат ет. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы.

«Аллаһумма салли ‘алә Мухаммәдин уа ‘алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә ‘алә Ибраһимә уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид»


اَللَّهُمَّ صَلِّ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَ عَلىٰ اٰلِ مُحَمَّدٍ كَمَا صَلَّيْتَ عَلىٰ اِبْرَاهَيمَ وَ عَلىٰ اٰلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّ

كَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ


Аллаһумма бәрик

  Уа Аллам! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына берекет бергенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына да берекет бер. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі  даңқың ұлы.
Хазіреті Мұхаммедтің Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

«Аллаһума бәрик ‘алә Мухаммадин уа ‘алә әәли  Мухаммад, кәмә бәәрактә ‘алә Ибраһима уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжид»


اَللَّهُمَّ بَارِكْ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَ عَلىٰ اٰلِ مُحَمَّدٍ كَمَا بَارَكْتَ عَلىٰ اِبْرَاهَيمَ وَعَلىٰ اٰلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّ

كَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ


Раббәнә әтинә

 Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!

«Раббәнәә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә ‘азәбән-нәр»


رَبَّنَا اٰتِنَا فِى الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِى اْلاٰخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّار


Құныт дұғасы

(Үтір-уәжіп намазының үшінші рәкәғатында оқылатын)

Алла Тағалам, біз күмәнсіз Сенен жәрдем және кешірім тілеп, тура жол, һидаят сұраймыз. Саған иман етіп, күнәларымыз үшін тәубе етіп, Өзіңе арқа сүйейміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, олармен мүлдем байланысымызды үземіз.
Алла Тағалам! Біз тек Саған ғана құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, сенің разылығыңды алу үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, азабың кәпірлерді қамтиды.

«Аллаһумма инәә нәстә’иинукә уә нәстағфирукә уә нәстәһдик, уә ну’мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә нәтәуәккәлу ’аләйкә уә нусни ’аләйкәл-хайрә күлләһу нәшкурукә уә ләә нәкфурук, уә нахла’у уә нәтруку мән иәфжурук. 

Аллаһумма иййәәкә нә’буду уә ләкә нусалли уә нәсжуду уә иләйкә нәс’а уа нахфид, наржу рахмәтәкә уа нахшә ’азаабәкә иннә ’азаабәкә бил куффари мулхиқ».

أللهُمَّ اِنَّا نَسْتَعِينُكَ وَ نَسْتَغْفِرُكَ وَ نَسْتَهْديكَ وَ نُؤْمِنُ بِكَ وَ نَتُوبُ اِلَيْكَ وَ نَتَوَكَّلُ عَلَيْكَ وَ نُثْنِى عَلَيْكَ الْخَيْرَ كُلَّهُ نَشْكُرُكَ وَ لاَ نَكْفُرُكَ وَ نَخْلَعُ وَ نَتْرُكُ مَنْ يَفْجُرُكَ
 .أللهُمَّ إيَّاكَ نَعْبُدُ وَ لَكَ نُصَلِّى وَ نَسْجُدُ وَ إليْكَ نَسْعَى وَ نَحْفِدُ نَرْجُو رَحْمَتِكَ وَ نَخْشَى عَذَابَكَ اِنَّ عَذَابَكَ بِالْكُفَّارِ مُلْحِقٌ

ПІКІР (6)

Кошанов Даулет
2018-12-27 07:15:33

Жумада намазында не окылу керек соны біліп уиренсем деп журмін

Нургали Байдуллаев
2018-12-27 11:56:11

Жума намазынын толык окылу адебин шгарыныздарш

2018-12-27 12:06:04

аллаға сансызз шукуршілік етемін намазым дұрыс екееен

2018-12-27 12:06:04

аллаға сансызз шукуршілік етемін намазым дұрыс екееен

Күщенова Ұлжалғас
2018-12-27 12:25:22

Мен осы құнт дұғасын жаттай алмадым маған намаз үйреткен кісі орнына 24рет аллаһумма махфирли деп оқы сосын құнт дұғасын жаттағанша деген еді мен жаттамадым енді сізден сұрағым келгені менің намазым қабыл бола ма

Сыздықова Айгүл
2018-12-27 13:31:16

Ассаламуағалейкум.сажде кз сіздерге қатысты сайт болса кзылорда облысы бір сағатқа шегініп еді соны өзгертсеніздер .Алла разы болсын

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер