Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

НАМАЗ ОҚУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАДИСТЕР ТОПТАМАСЫ

Мақалалар

Намаз кедейліктен құтқарады!

«Ей, адам, маған құлшылық етуге уақыт бөл. Мен сенің жүрегіңді байлыққа толтырып, сені кедейліктен сақтаймын. Ал егер бұны жасамасаң, жұмысыңды көбейтемін де, сені кедейліктен құтқармаймын» (Тирмизи).

 

Періштелер сенің күнәларыңның кешірілуін сұрауын қаласаң...

Ол мешітке кіргеннен кейін, егер де ол онда тек қана намаз үшін қалса, онда ол сол жердегі  болған барлық уақытында намаз үстінде болған есептеледі, және періштелер, намаз орнында болған кез-келгенің үшін былай: «Иә Алла оған рахым көрсет, иә Алла, кешір оны, иә Алла оның тәубесін қабыл ал!» –деп жалюарынады және бұл жағдай, ол үшін, сол жерде ешкімді ренжітпегенше және дәреті бұзылмағанша жалғасады (Бұхари, Муслим).

 

Аллаға ең ұнамды амал намазда жасырылған...

Абдулла ибн Масғудтан (оған Алла разы болсын). Ол: «Пайғамбардан «Қайсы амал Аллаға ең ұнамды?»  деп сұрадым. Ол: «Өз уақытында оқылған  намаз», – деді» (Бұхари). 

 

Намаз сендерге қорған болады!

Әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын). (Бірде) Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерге Алла онымен қателерді өшіріп, дәрежелерді көтеретін нәрсені көрсетейін бе?» – деп (сұраған). (Адамдар): «Әрине, уа, Алланың елшісі!» – дегенде, ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қиын жағдайларда толық дәрет алу, мешітке қарай көп қадам басу және намаздан кейін намазды күтіп отыру. Бұларың (сендерге) қорған болады», – деп айтқан (Бұхари).

 

Сенің Аллаға ең жақын болатын уақытың...

«Құл Раббысында (намаздағы) сәжде уақытында ең жақын саналады. Сондықтан сәждеде дұғаны жиірек жасаңдар» (Муслим).

 

Сені жетістікке жеткізетін амал...

«Адамның амалдарынан ең алғаш сұралатыны – намаз. Егер де намазы толық болса, онда ол жетістікке жеткен болып саналады» (Тирмизи).

 

Намазға сансыз сауап берілетінін білген адам құлшылығы үшін мешітке асығар еді.

«Егер таң намазы мен құптан намазының сауабын білген болсаңдар, мешітке еңбектеп болса да келер едіңдер» (Бұхари).

 

Сені  ұйқыдан оятатын ең керемет сүйінші бар! Оның ішінде бүкіл дүниенің барлық жақсылығы жасырылған.

«Таң намазындағы екі рәкәғәт – бүкіл дүние мен оның ішіндегі бар жақсылықтан артық» (Бұхари).

 

Алла – уәдесінде тұрушы! Намаз оқыған адам Жәннатқа кіреді.

«Алла Тағаланың құлдарына парыз еткен бес уақыт намаз бар. Кімде-кім бұларға салғырт қарамай, ақысымен толық орындайтын болса, Алла Тағала ондай пендені Жәннатқа кіргізетініне уәде еткен сөзі бар. Ал кімде-кім бұларды орындамайтын болса, Алла Тағаланың ондай пенделеріне берген ешқандай уәдесі жоқ. Алла қаласа азаптайды, қаласа Жәннатқа кіргізеді» (Имам Малик).

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір күннің ішінде парыз етілген намаз бесеу»,  дейді. Бәдауи сонда: «Менің бұдан басқа борышым бар ма?», – деп сұрағанда, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жоқ, егер өздігіңнен нәпіл намаз оқысаң, ол басқа», –деп жауап қайтарады. Сонда бәдауи: «Сені ақиқатпен жіберген Аллаға ант етемін. Бұдан басқа не артық, не кем намаз оқымаймын», – деді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сөзі рас болса, ол адам Жәннатқа барады» (Бұхари).

 

Намаз сенің барлық күнәларыңды жуып шаяды...

«Қалай ойлайсыңдар, егер де сендердің біреулеріңнің есіктеріңнің алдында өзен ағып жатса және оған күн сайын бес уақыт жуынатын болсаңдар, бойларыңда қандайда бір кір қала ма?» Адамдар: «Жоқ, Алла Елшісі! Ешбір кір қалмаушы еді» деді. Сонда ол: «Бұл Алла Тағала күнәларды жуатын бес уақыт намаздың мысалы секілді» (Бұхари, Муслим).

 

Намаз сенің айыбыңды жасырып, күнәлардан тазартады!

«Үлкен күнәләрды істемесеңдер, бес уақыт намаз өз аралығындағы, жұма намазы да келесі жұмаға дейінгі аралықтағы жасалған (кіші) күнәләрды жабады» (Муслим, Тахара, 14, 15).

 

Егер намазың дұрыс болса, сен сөзсіз игілікке қол жеткізесің!

«Қиямет күні пенденің амалдарынан ең әуелі сұралатыны – намаз. Егер намазы дұрыс болса, онда пенде қуанышқа бөленіп, игілікке қол жеткізеді. Егер намазы дұрыс болмаса, онда апатқа ұшырап, қайғыға түседі. Егер оның парыз амалында кемшілік болса, Хақ Тағала: «Оның нәпіл амалдары бар ма екен? Онымен парыздардың кем-кетігін толтырсын» (Тирмизи, Сунан, 2\269).

 

Намаз – шүкірліктің көрінісі...

Муғира ибн Шуғбадан (оған Алла разы болсын). Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) табандары ісініп кеткенше намаз оқығанда, оған (біреу): «Сен өзіңе осындай (қиындық) жүктейсің бе?! Алла сенің күнәларыңның бұрынғысын да, кейінгісін де кешіріп қойған ғой», – дейді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Шүкірлік етуші пенде болмаймын ба?» – деген (Муслим).

 

Сол күні сенің жүзің ерекше нұрдан жарқырайды...

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде менің үмметім Қиямет күні есеп беруге шақырылады. Ал олардың жүздері, қолдары және аяқтарында дәреттің ізі қалып, жарқырап тұрады» деген. Сонда Әбу һурайра (Алла оған разы болсын) сөзін жалғап: «Осы нұрды көбейтуге кімнің шамасы келсе солай жасасын»  деді (Бұхари, Муслим).

ПІКІР (1)

Касымгали

Намаз окыгым келедi Мумкин болса Видеосы керек едi

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер