Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

Намаз бастауды жеңілдететін кеңестер

Иман


(сізді мазалаған күдік-күмәндар мен сұрақтарға жауап)



Намаз – Адамның барлық тілектерінің қабыл болатын сәті. Адамды күнәдан тазартатын  әрі сол арқылы сол күнә-қателіктің кесірінен басыңызға келетін бәле-жала, жолыңыздың жабылуы сияқты  бәлекеттердің алдын алатын ұлы құлшылық. 4-ақ қимылдан тұратын, Аллапарыз  еткен құлшылықтардың ең жеңілі. Адамның Аллаға ең жақын болатын кезі де осы намаздың ішінде. Сондықтан да Алласын таныған  әрбір қазақтың жүрегінің түкпірінде «әйтеуір бір намаз бастауым керек» деген құлшыныс тығылып жатыр. Бұл құлшыныспен бірге шайтан салатын күдікті ойлар да қатар жүреді. Бұл, сөзсіз, діннің емес, жынның салған шатпағы. 

Ең әуелі,«Намаз оқуға әлі дайын емеспін»немесе  «намазды бастаған соң тастамау керек, ал мен тастап кетемін ғой. Өйтіп намазды қорлағанша оқымай-ақ қойғаным жақсы» деген ойлар талпынысыңыздытұншықтырады.


Сол себепті сіздің санаңыздағы  күмәнді сейілту мақсатында намаз бастауды жеңілдететін аз-кем кеңестерімізді ұсынбақпыз.



1. «Намаз оқуға әлі дайын емеспін»

Сөзсіз бұл –шайтан салған  ой. Ғылымда бұл «прокастинация» деп аталады. Яғни адам «бұл істі мен кемеліне жеткізуім керек» деп кейінге шегере береді. Түбінде ол іс жасалмайды. Намазды ешкім толық дайын болып бастамаған. Намаз бастап кетуіңіз үшін оның парыз екендігі әрі сізге әкелетін пайдасы жеткілікті дәлел. Сізге біреу «маған күнде 5 рет келіп тұрсаң қомақты қаражат беріп тұрамын» десе, сіз ешқашан оны ертеңге қалдырмас едіңіз.  Ал намаз – барлық берекенің есіктерін ашатын қысқа әрі жеңіл амал.  


2.  «Бейнамаздан кей намаз жаман».

«Намазды бастаған соң тастамау керек, өйтіп намазды қаза етіп, қорлағанша оқымай- ақ қой» деген ой жиі айтылады. Иә, «адам баласы қателесуші. Оның шінде ең жақсылары тәубе етушілері» делінген хадисте. Ал  анығында анда-санда бір намазды қаза ету мен мүлде оны оқымай, мыңдаған намазды қаза етудің айырмашылығы жер мен көктей. Бұл шайтанның адамды намаз бастаудан қашыру үшін қолданатын басты шүбхаларының бірі. «Торғайдан қорыққан тары екпейді» деп болашақтан бүжәй жасағанша «Шешінген судан тайынбас» деп кіріссеңіз, Алла өзі жеңілдетеді.  Тамаққа мұқтаж адам оның уақытын өткізбейтіні сияқты, намазға мұқтаждықты шынайы сезінген кісі оны қаза етпесі анық. 



3. «Бес намаздың сөздерін жаттау қиын»

Көп адам «Бес уақыт намаз бес түрлі оқылады» деп түсінеді. Ал анығында екі ракат намазды үйренген кісі –  бес уақыт намазды үйренді деген сөз. Себебі, бес уақыт намазда да осы жаттаған сүрелер мен дұғалар және іс-қимылдар қайталанады. Айырмашылық тек ракат саны мен уақытында ғана. Әрі жаттай  алмасаңыз қиналмаңыз, алғашқы уақытта қағазға қарап немесе үлкен әріптерді плакатқа жазып, қабырғаға іліп қойып оқыңыз. Керек десеңіз, құлаққап киіп оқуға мүмкіндік беретін электронды жайнамаздарды қолжетімді бағада сатып ала аласыз.  Немесе намазхан танысыңызға ұйып оқып, мешіттегі жамағат намазына қатысып үйреніңіз. Көресіз, бір аптаның ішінде өзі-ақ жатталып қалады. 



4. «Боғауыз, темекі, насыбай, ішімдік сияқты жаман әдеттерімді  тоқтатып алайын, намазды сосын бастаймын»


Намазбастағысы келіп ниеті оянған адамға «Сен намаз оқып жүріп боқтап қоясың. Ондай намаз қабыл емес» деген секілді сөздерді айтып сенімін сілкігісі келетіндер де болады. Ал анығында  «Намаз барлық арсыздық пен жамандыққа тосқауыл» делінген Құранда. («Әнкабут» сүресі, 45-аят). Яғни намаз - сізге жаман әдеттеріңізді тастауға жәрдемдесетін ұлы тәрбие құралы.  Себебі намаз болмаса адам өзін-өзі және шайтанды жеңе алмайды. Намаз адамның иманына нәр беру арқылы жаман әдеттер мен күнәға қарсы сізге күш сыйлайды. «Баламды медресеге біл деп бердім» деп Абай айтқандай, құлшылықты бастасаңыз кейін ақырындап теріс қылықтар өзі қала береді.  


5. «Намазды зейнетке шыққан соң бастасам не болады?»


Шайтан ешкімді «Намаз оқыма» деп азғырмайды. Себебі оның беті ашылып қалар еді. Сондықтан шайтан жастарды: «Негізі дұрыс, намаз оқуың керек, бірақ әлі жассың, өмірдің қызығын көр. Кейін зейнетке шыққан соң оқисың» деп азғырса, кәріні: «денсаулығың анау, әзер жүрсің, «Алланың ашуынан Мейірімі басым» деген, Алла кешіреді, тілің анау күрмеліп, белің бүгілмей сыр бергелі қашан» деп айналшықтайды. Ортада оқылмай намаз қалады. Бұл - сіздің емес, шайтанның мақсатына жеткені. Алла Тағала намазды зейнетке шыққаннан бастап емес, балиғатқа толғаннан бастап парыз еткенін естен шығармағайсыз. Оның үстіне:

Кәрі өлсе тұрған дауыл тыңғандай-ақ.

Жас өлсе бәйтерегің сынғандай-ақ.

Жігіттер жастық шақта құлшылық қыл.

Бұл өмір көзді ашып-жұмғандай-ақ – деп, Шал ақын жырлағандай, қылышын сүйреген ажал есігімізді қашан қағатынын қайдан білейік?! Бүгін қолдан келетін игілікті кейінге қалдырмаңыз, қандас!


6.  «Намазды уақытында оқымаудан қорқамын»

Көп адамдар «әр намаздың уақыты кірген сәтте оқымаса,  мысалы, бесін намазын сағат бірде, уақыты кіре салысымен оқымаса қаза болады, сондықтан менің мұндай мүмкіндігім жоқ» деп намаз бастауға бата алмайды. Әр намаздың  уақыты кірген соң, ары қарай оқылуы үшін қазықтай қағылған минуттары жоқ. Мысалы бесін намазын оқып үлгеру үшін жаздыкүні кем дегенде бес сағат уақытыңыз бар. Намазды алғашқы кірген уақытында оқу – Алла Тағалаға ең ұнамды абзал іс. Ал дәл уақытында ыңғайы келмесе, уақыты шықпай тұрып, келесі намазға дейін оқып үлгерсеңіз болғаны. Көп адамда осы бесін намазын оқу ғана аздап қолайсыздық туғызады. Қалған намаздардың уақыты жұмыстан тыс болғандықтан оқуға  да өте ыңғайлы. 


7. «Намаз бастайын десем, жұмыста оқуға мүмкіндік жоқ, жұмыс орным таза емес».

Адамды жаратқан Алла құлының хал-ахуалын бәрінен жақсы білгендіктен, құлшылықтарды да оңайластырған. Жердің кір, шаң-топырақ, май  болуы намазға кедергі емес. Ең бастысы, киім мен намаз оқитын орында нәжіс болмаса болғаны. Яғни нәжістің түсі, түрі, исі байқалмаса, ол жер таза болып есептеледі. Әрі Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Мен үшін жер бетінің бәрі мешіт (яғни намаз оқуға қолайлы етілді)», - деген. 


8. «Ниетім  түзу, тірі адамның ала жібін аттаған емеспін» 

Адамзаттың ең абзал тұлғасы, әрі ниеті ең түзу, ешкімнің ала жібін аттамаған адам ол - Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) еді. Алайда ол кісі  намазды бәрімізден  көп оқитын. Демек  ниетіміз дұрыс әрі жүрегіміз ақ болса, онда ыдыстағы сүт қайнағанда сыртына таситыны сияқты, ол ниетіміз тілімізден, қол-аяғымыздан салиқалы амалдар ретінде көрініс табуы тиіс. 


9. «Намаз оқуға уақытым жетпейді...»

Намаз – екі дүниенің жақсылығының барлығын бойына қамтыған, қысқа әрі жеңіл амал. Ол мүлде сіздің артық уақытыңызды алмайды. Тіпті, бес уақыт намаздың барлығын, дәрет алғанға кеткен уақытпен қоса алған да бар болғаны күніне 1 сағат уақытыңыз кетеді. Керісінше, біздің тамаққа, теледидардан сериал көруге, кейде бос әңгіме айтуға жұмсаған уақытмыз әлдеқайда көп. Тамақ біздің тәнімізге нәр бергенімен, намаз екі дүниемізге әр беретін берекелі құлшылық екенін ұмытпайық.


10.  Дәрет алуға қиналасыз ба?

Шариғат адамның өмірін жеңілдету үшін түскен. Сондықтан дәрет алуға мүмкіндік жоқ кезде (ауру, сапар, күннің суықтығы т.б) «тәяммум» (топырақпен немесе шаңмен білегіңізді, бетіңізді сипайсыз) алуға мүмкіндігіңіз бар. Іш дәретке байланысты қыста су суық болса, тек қағазбен тазаланудың өзі жеткілікті. 


11. «Намазды бастасам, тастап кетемін бе деп қорқамын»

Біреу тек бестікпен оқитын  баласына: «Кейін жоғарғы сыныпқа барғанда бәрібір нашар оқисың, екі аласың, қазірден бастап оқымай-ақ қой» деп айта ала ма?! Жоқ! Болашақты ешкім білмейді. Намазды ынтамен оқыған адам ешуақытта тастап кете алмайды. Оның мысалы – шешініп алып, жаурап суға түсуге жүрексініп тұрған адам секілді. Бірақ ол өзін жеңіп, ішіне түскеннен кейін бойы үйреніп, кейін керісінше сырттан жаурай бастайды!  Сенесің бе? Намаз бастаған адамның барлығының ең басты өкініші «Мен неге мұны ерте бастамадым?» деген сөз...


12.  Намаз оқиын десеңіз денсаулығыңыз жарамай ма?


Ауру адамға Алла Тағала жеңілдік қарастырған. Мысалы, Саxаба Имран ибн Хусайн (Алла оған разы болсын) айтады: «Менің  (ауруым) бар еді, (қалай) намаз (оқу керектігі) туралы Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сұрағанымда, ол: «Тік тұрып оқы, шамаң келмесе отырып оқы, (оған да) шамаң келмесе, жамбастап жатып оқы», - деді», - деген. (Бұxари 1117) 

Ал зәрі тоқтамайтын аурумен ауырған сахабасына Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әр намаздың алдында дәрет алатын болса намаздың ішінде зәрі кетсе де дәреті бұзылмайтынын айтқан.


13. Алла сіздің арман-тілегіңізді орындағынын қаласаңыз, әуелі сіз де Алланың айтқанын орындаңыз.  

        Адам өзіне нақты ақшалай табыс әкелетін істі көріп-біле тұра, ешуақытта «уақыты келеді» деп кейінге қалдырмайды.Ұмтылады, жарысады, өзгеден бұрын жасап қалуға тырысады. Мәселен, сізге біреу "10 000 доллар беремін, таңертең мынаны жаттап ал да таңғы сағат төртте есігімнің алдына кел" десе,  сіз оны лезде жаттап алып, таңғы үш жарымда есігіңн қағар едіңіз. Ал Алла Тағала намаз оқушы құлына  мына дүние мен Ақырет күнінің бақытын, Жәннатты, берекені уәде етті. 


Кеше дәрет алуға дайын краннан ағып тұрған жылы суы не түзге шығатын қолайлы дәретханасы жоқ уақытта да «Бес уақытта бес намаз, біреуі қаза қалмасқа» деп құлшылығын қаза етпеген Бұхар бабамыздың, жағдайы жасалған қоғамда өмір сүріп жатқан бүгінгі ұрпақтарының  намазға немқұрайлы қарағаны жарамас. 



14. Намаздың пайдасы туралы білесіз бе?

«Ұлың азаншы болсын, қызың қазаншы болсын» деп қарақұрым халықты құлшылыққа үндеген қазақ үшін намаз қашанда жолын ашып, өміріне береке әкелетін құлшыдық болған. 

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың сөзін жеткізіп: «Ей, адам, маған құлшылық етуге уақыт бөл. Мен сенің жүрегіңді байлыққа толтырып, сені кедейліктен сақтаймын. Ал егер бұны жасамасаң, жұмысыңды көбейтемін де, сені кедейліктен құтқармаймын»- деген. (Тирмизи, 2466)

Намаз  - барлық армандарымыздың орындалуының кілті, Алладан тілек тілеудің көпірі.

Ғалымдар намаздың ішінде сұралған тілек пен намаздың сыртында жасалған дұға -басшымен тікелей сөйлескен адам мен басшының ғимаратының сыртынан айқайлап тұрған адам сияқты деген. 

Тілектің қабыл болуының екі кілті бар. Біріншісі, намаз арқылы Алладан сұрау, екіншісі, "тілегім қабыл болмады" деп асықпай, сабыр етіп, нәтижесін күту!

Өйткені, Алла Құранда:

«Әй мүміндер! Сабыр және намазбен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла сабыр етушілермен бірге», - деген.  («Бақара» сүресі, 153 аят)


Адамның дұға-тілектерінің ең қабыл болатын уақыты - намазда сәждеде!

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

     "Құл өзінің Раббына сәжде уақытында ең жақын болады, сондықтан (сол уақытта) Оған дұғаны жиірек жасаңдар", - деген. (Муслим)

Намаздан кейінгі дұға-тілектерді Алла міндетті түрде қабыл етеді!

Әбу Умам (оған Алланың ризашылығы болсын) былай деген:

Бірде Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): “Қай дұғаға, ол қабыл болады деп үміт артуға болады?” - деп сұрады. Ол: “Аллаға түннің ішінде жасаған дұға мен парыз етілген намаздардан кейінгі жасалған дұға”, - деді. (Бұл хадисті әт-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді)





ПІКІР (29)

UalihanJandarbekov
2018-06-07 14:15:07

Катты унады!

UalihanJandarbekov
2018-06-07 14:15:07

Катты унады!

Akbayan
2018-06-07 14:33:37

Ote tamawa!!!

Айтолқын Қуанышқызы
2018-06-07 14:36:08

Алла ұлық ❤Алла разы болсын❤ Алла бұйырса бастау керек❤ Намаз деген кереметқой❤

Timur
2018-06-07 14:49:47

Keremet

Кибашева Айнур
2018-06-07 14:57:45

Мен бастадым, сол үшін жүрегімде бір тыныштық жəне соған мақтаныш бар ❤❤❤❤

Кибашева Айнур
2018-06-07 14:57:48

Мен бастадым, сол үшін жүрегімде бір тыныштық жəне соған мақтаныш бар ❤❤❤❤

Карлыгаш
2018-06-07 15:04:30

керемет Алла журектеримизге иман берсин

Арайлым Баймырзаева
2018-06-07 15:56:09

Алла осы мақаланы оқып шын журегіммен ниет етіп отырмын алла каласа ден айтайын жакын арада бастаймын алла сол кунге жеткізе кор амин

Майра Кулмаханбетова
2018-06-07 19:42:25

Алла ұлық. Өте керемет түсіндірілген. Аллаха шүкір "намазды"бастағаныма тура бір жыл. Аллаха сансыз шүкір. Өсіріп отырған ұл -қыздарымызға діңгегі мықты иманды нəсіп қылсын.

Наргиза
2018-06-07 20:34:32

Керемет ❤Алла разы болсын!

Биғали Еркежан
2018-06-07 21:57:45

МаШаАлла мақала өте кернмет жазылған. ИнШаАлла мен намаз оқуды бастаймын. Əумин

арюха
2018-06-07 22:38:15

максюша https://drive.google.com/file/d/14GYAbeNBT7uCeAtwSLJPhHDUdv2D2cCE/preview

Карлыгаш
2018-06-07 22:47:04

Салеметсизбе! Оте жаксы тусиникти жазылган. Менин сиздердкн сурайн дегеним мен Алла каласа тан намазын бастагым келеди. Егер уйктап калып туралмай калсам тан намазын кай уакытка дейн окуга болады. Рахмет!

Мадина
2018-06-08 02:12:45

Озиме керекти бираз нарсе алдым . Алла сиздерден разы болсын

Юсупова Күнсұлу.
2018-06-08 04:34:38

Керемет айтылған. Елімізде мектепте дін туралы сабақ беретін сағат енгізсе ғой шіркін.Мен өзім бес уақыт намаз оқимын. Аллаға шүкір маған бес уақыт намаз оқуды нəсіп еткен.

Асем
2018-06-08 04:39:14

мазалаган сурагыма жауабымды алдым-ау айтеуир.

Оразбаева Ляззат
2018-06-08 06:22:52

Алла бұйырса тезірек бастағым келеді

Дархан
2018-06-08 22:38:39

Өте керемет жазылған ішімде жүрген сұрақтарға жауап таптым ұнады

Дархан
2018-06-08 22:38:39

Өте керемет жазылған ішімде жүрген сұрақтарға жауап таптым ұнады

Дархан
2018-06-08 22:38:39

Өте керемет жазылған ішімде жүрген сұрақтарға жауап таптым ұнады

Дархан
2018-06-08 22:38:42

Өте керемет жазылған ішімде жүрген сұрақтарға жауап таптым ұнады

Дархан
2018-06-08 22:38:44

Өте керемет жазылған ішімде жүрген сұрақтарға жауап таптым ұнады

Дархан
2018-06-08 22:38:50

Өте керемет жазылған ішімде жүрген сұрақтарға жауап таптым ұнады

Дархан
2018-06-08 22:39:04

Өте керемет жазылған ішімде жүрген сұрақтарға жауап таптым ұнады

Мадина Альмурзина
2018-06-11 20:33:36

Саламатсыздарма..отинем осы суракка жауап бериниздерши.мен намаз бастагым келеди мыкты бирак киеуим жане ата енем руксаи бермейди не истесем болады?намаз туралы айтсам кой кайдагы деп шыгады

Мадина Альмурзина
2018-06-11 20:33:38

Саламатсыздарма..отинем осы суракка жауап бериниздерши.мен намаз бастагым келеди мыкты бирак киеуим жане ата енем руксаи бермейди не истесем болады?намаз туралы айтсам кой кайдагы деп шыгады

Гулзат Мирхан
2018-06-11 20:44:50

Өте тамаша. Тусінікті етіліп жазылған екен! Көкейімде жүрген сұрақтарға жауап алдым. Енді Аллаһ қаласа Намаз бастауға ниеттімін! Аллаһ разы болсын!!!

Жанар Ахметова
2018-08-11 09:38:14

Рамазан айында намазға жығылғанмын намаз бастамас бұрын бəрін оқып біліп дайындалдым Аллаға шүкір мен намазханмын келінімде намазхан шүкір ниеттенсеңіздер бəріде жақсы болады намаз дəреттен басталады дəрет əдебінен бастаған абзал əиел адамға

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер