Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

Мен не үшін ораза ұстаймын ?

Иман



Ең алдыменмынаны білгеніңіз жөнӘлемге танымал бокс шебері Майк Тайсон бір сөзінде: «Жаратушы Алла маған емес, мен оған мұқтажбын» - депті. Иә, Алла біздің ораза ұстауымызға, жамандықтан тыйылып, жақсылыққа бет бұруымызға, намаз оқуымызға, т.с.с. мұқтаж емес. Керісінше, біз оның мейіріміне, қателерімізді кешіріп, жарылқауына мұқтажбыз. Хадистердің бірінде ешкімді Жәннатқа өзінің жасаған амалдары кіргізбейді. Алланың мейірімі түспесе делінген. Демек, біздің мақсат – қалайда Алланың сүйіспеншілігіне бөленіп, разылығын алу. Ал рамазан – дәл осы мақсатқа жету жолындағы ұлы мүмкіндік! Сонымен, біз не үшін ораза ұстаймыз? 

1.Рамазан айында ораза ұстау - Алланың әміріне бойұсыну. 

Алла Тағала Құранда: «Ей, иманға келгендер! Тақуалық етулерің үшін, сендерден бұрын өткендерге парыз етілгендей, сендерге де ораза парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183-аят) , - деген. 

2.  Оразаның сыйын Сый Берушілердің Ұлысы Алла Тағаланың Өзі береді! 

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсынбылай деген:  «Аса Құдіретті және Ұлы Алла: «Адам баласының барлық амалдары өзі үшінТек оразадан басқа, өйткені ораза – Мен үшін және  оның сыйын Мен өзім беремін. Өйткені адам өз қалауларын қанағаттандырудан  және өз тамағынан Мен үшін бас тартады!» - дейді. (Муслим) 

3.Рамазанның күндізінде детүнінде де қол жайыпдұға еткен  адамның тілектері қайтарылмайды! 

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсынбылай деп айтқан: «ШынындаАлла Тағаланың алдында сондай адамдар барАлла оларды Рамазанның әрбір күндізі мен түнінде Оттан босатадыЖәне шынында, әрбір мұсылман Рамазанның түнінде де, күндізінде де өзінің дұғасына жауап алып отырады» (әл-Баззар. Сахих хадис. «Сахих ат-Тарғиб» 1002). 

4.Тек Рамазан айында ғана Алланың оларға лағнеті болғыршайтандар шынжырланады!   

Шайтан – бәріміздің күресіпжыға алмай жүрген ең басты жауымыз.  Ал ораза - сол жауды құлатып, жеңіс туын желбіретуге таптырмайтын мүмкіндік. Себебі, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болcын): «Рамазан келгенде Жәннаттың қақпалары ашылады да, Тозақтың қақпалары жабылады және шайтандар шынжырларға бұғауланады», - деген. (Бұхари, Муслим).   

5. Рамазанда оразаны ықыласпен ұстаған адамның бұрынғы барлық күнәлары  кешіріледі! 

Жер бетінде қателіксізкүнәсіз адам жоқСіз де, мына отырған біз де әйтеуір бір жерде сүрініп, жаза бастық. Қателестік, қайғырдық. Бармақ тістеп,  тәубе жасадық. Ал Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Рамазан айында Алланың сыйына деген иманмен және үмітпен ораза ұстаса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі» , - деді. (Бұхари, Муслим). Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде былай деді: «Бес парыз намазды орындау, алдыңғы жұма намазынан кейінгі келесі жұма намазына қатысу және әр Рамазан келген сайын ораза ұстау олардың арасында істелген күнәларды өтейді, тек егер олардың арасында ауыр күнәлар болмаған болса» (Муслим). 

6. Рамазан айында амалдар еселенеді! 

Дүкендерде «1+1», «2+1 в подарок» дейтін науқандар жүруші еді ғой. Рамазанда жасалған амалдардың сауабы да дәл осылай еселеніп беріледі. Онда жасалған бір амалыңыз екі амалға, я бір жақсылығыңыз жүз жақсылыққа пара-пар келуі әбден мүмкін. Себебі, адамзаттың ардақтысы болған Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адам баласының әрбір игі ісі еселенеді, ал игі іс үшін берілетін ең аз сый он есе болады, бірақ жеті жүз есеге дейін де көбеюі мүмкін. Алла Тағала: «Оразадан басқасына. Өйткені, шынында, ораза Мен үшін ұсталады және оның сыйын Мен өзім беремін. Өйткені адам өз қалауларын қанағаттандырудан  және өз тамағынан Мен үшін бас тартады!» - дейді. (Муслим). 

7.  Ораза – қадірі мол құнды құлшылық. 

Хафиз ибн `Абдул-Барр былай деген: «Басқа құлшылықтармен салыстырғанда оразаның үстемдігі мен құндылығын көрсету үшін Алла Тағаланың «Ораза Мен үшін» деген сөзі жеткілікті болады». (“Мәжәлису шаһри рамадан” 15). 

8.  Ораза – сіздің Жәннатқа кіруіңізге себеп болады! 

Себебіөтірік айтпайтын, «әмин» (сенімдідеген сипатқа ие болған Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ораза ұстаған күйінде қайтыс болсаЖәннатқа кіреді» (әл-Баззар«Сахих әл-жәми’» 6224), - деген. 

9. Ораза ұстасаңызтіптіаузыңыздан шығатын иіс те қадірлі болмақ! 

Бүгінгі таңда хош иісті әтірлер шығаратын әртүрлі компанияларірі фирмалар барБұл өнімдердің сапасына қарай бағалары да қымбат. Ал ораза ұстасаңыз, Алла үшін сіздің ауызыңыздағы иіс атағы жер жарған сол фирмалардың әтірлерінен де жоғары болады! Өйткені, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Ораза тұтушының ауызынан шығатын иіс Алла үшін мисктің (әтірдің) хош иісінен де жағымдырақ!» - деген. (Муслим).   

10.  Рамазан – бізге қуанышшаттық әкеледі! 

  Біз рамазанғаосындай сауабысыйы мол шарапатты айға аман-есен  жеткелі тұрмызАл бұған жетпей, ол күнді көрмей кеткен қаншама адамдар бар. Күнәлары кешіріліп, сауаптары еселенбей қалған, ауызашардың қуанышымен қауыша алмай, ләззатын сезінбей қалған жандар туралы ойланып көріңізші. Шал ақын бір өлеңінде: 

Бiр құдайдан тiлеймiн иманақыл

Ақылсыздан әрбiр iсiм өттғафыл

Ораза ұстапбес намаз оқығанның

Ол дүниеге барғанда iсмақұл,  – депті.  

Ендеше, құрметті оқырман, қуаныңыз! Мейірімі мол Алла Тағала сізге осындай мүмкіндікті нәсіп еткелі тұр! 

Хафиз ибн Ражаб былай дейді: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсынсахабаларын Рамазанның келуімен құттықтайтын». Себебі, бұл күнге жету – мұсылман үшін үлкен бақыт. Ендеше, Алла бәрімізге сол күнге жетіп, Алла үшін ұстаған оразамыздың сауабын еселеп алуымызды нәсіп етсін!

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер