Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

Күн тұтылғанда Пайғамбарымыз (ﷺ) намаз оқып, Аллаға жалбарынған.

Иман

Күн тұтылғанда Пайғамбарымыз (ﷺ) намаз оқып, Аллаға жалбарынған.

Әбу Бәкір (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Бірде Алла Елшісінің (ﷺ) қасында отырғанымызда күн тұтылды. Пайғамбарымыз (ﷺ) орнынан тұрды да ридасын (шапанын) сүйретіп мешітке кірді. Біз де кірдік. Ол бізбен бірге күн қайта көрінгенше екі рәкағат намаз оқыды да: «Расында, күн мен ай біреудің өлімі себепті тұтылмайды, егер екеуінің тұтылғанын көрсеңдер, қайта ашылғанша Аллаға намаз оқып, дұға қылыңдар»,—дедіұхари 1040)


Күн мен ай біреудің өлімі себепті тұтылмайды. Бұл Алладан келген ескерту!

Муғира ибн Шуғба былай деген: «Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде Ибраһим пайғамбардың (а.с) баласы шетінеген күні күн тұтылды. Адамдар өзара «Ибраһимнің баласының өлімі себепті күн тұтылды» десті. Мұны естіген Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, күн мен ай біреудің өлімі не өмірге келуі себепті тұтылмайды, егер тұтылғанын көрсеңдер, намаз оқып, Аллаға дұға қылыңдар», -деген.  ұхари 1043)


Күн тұтылған кезде садақа беріңіз!

Айша анамыз (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Алла Елшісінің () кезінде күн тұтылғанда, ол адамдармен бірге намаз оқып, ұзақ уақыт қиямда тұрды, сосын рукуғ жасап ұзақ уақыт рукуғта болды, сосын көтеріліп ұзақ уақыт қиямда тұрды, бірақ алғашқы қиямдағыдай емес, сосын (тағы да) рукуғ жасап ұзақ уақыт рукуғта болды, бірақ алғашқы рукуғтағыдай емес, сосын (екі рет) сәждеге барып ұзақ уақыт сәждеде жатты. Сосын екінші рәкағатта бірінші рәкағатта істегеніндей жасады. Сосын (намаздан) шықты, (бұл кезде) күн ашылған еді. Ол адамдарға құтпа жасап, Алла Тағалаға мақтау-мадақ айтты да, сосын: «Расында, күн мен ай Алланың белгілерінен екі белгі, ол екеуі біреудің өлімі не өмірге келуі себепті тұтылмайды, егер оны көрсеңдер, Аллаға дұға қылыңдар, тәкбір айтыңдар, намаз оқыңдар және садақа беріңдер», - деді.(Бұхари 1044)


Күн тұтылғанда Алладан қабір азабынан пана сұраңыз.


Айша (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Бір күні ертемен Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көлікке мініп шыққан еді, күн тұтылды. Ол сәскеде кері оралды. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерінің бөлмелерінің тұсынан өтіп барып намазға тұрды да, адамдар оның артына тұрды... Сонан соң ол Алла айтуын қалаған нәрселерді айтты да, содан кейін оларға Алладан)\ қабір азабынан пана сұрауды бұйырды. (Бұхари 1049, 1050)


Күн тұтылған кезде құл азат еткісі келген кісі туралы

Әсма (оған Алла разы болсын): «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күн тұтылған кезде құл азат етуді бұйырды», - деген. ұхари, 1054).


Күннің тұтылуы арқылы Алла пенделерін қорқытады!

Сахабалардың бірі Әбу Мұса (оған Алла разы болсын): «Күн тұтылғанда Пайғамбарымыз  ()  Қиямет болды ма деп қауіптеніп қорқып орнынан тұрды да, мешітке келіп, қиямы, рукуғы мен сәждесі ең ұзақ намаз оқыды. Мен оның ешқашан бұлай еткенін көрген емеспін. Содан кейін ол (): «Алла жіберетін бұл белгілер біреудің өлімі не өмірі себепті болмайды, бірақ Алла олармен Өз құлдарын қорқытады, сондықтан ондай бір нәрсе көрсеңдер, Алланы зікір етіп, Оған дұға қылуға және Одан кешірім өтінуге асығыңдар», - деп айтты», - деген. ұхари 1059)

ПІКІР (4)

Жасұлан
2018-07-26 11:24:03

күн жақын арада тұтұлуы мүмкінбе?

2018-07-26 14:08:34

Кровавая луна болады, ай тұтылады 27 шілдеде

2018-07-26 14:08:35

Кровавая луна болады, ай тұтылады 27 шілдеде

Салтанат
2018-07-26 14:10:23

27 июль тутылады деген видеосын кордим

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер