Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы
Мақалалар

ҚАРТ АНАНЫҢ БАЛАСЫНА ҚАЛДЫРҒАН СОҢҒЫ ХАТЫ

 

Бір тәулікте 76 тілге аударылған қарт ананың баласына жазған мына хаты әлем жұртшылығының жүрегін елжіретті. Аяулы ананың жан тебірентер сөздері мынадай еді: 

 

Балам, мен қартайғанда мені қараусыз қалдырмашы. Сенен көп нәрсені сұрамаймын. Маған сенің мейірімің мен жылы алақаның болса жетіп жатыр. Ол кезде мен де бейне сенің кішкентай кезіңдегідей асырауға, мәпелеуге мұқтаж боламын.

 

Мен қартайғанда қолдарым дірілдеп, ішер асымды киіміме жиі төгіп алуым мүмкін. Есіңде ме, сен де кішкентай кезіңде қолың икемге келмейтін сәтте тамағыңды төгіп-шашып ішетін едің ғой. Мен сенің сол қылығыңа да қуанып, мәз болатынмын. Балам, мен де қартайған сайын бала болып барамын. Өтінемін, сондай сәттерде сен сабырлы болшы.

 

Мен қартайғанда кейде сыртқа шығып таза ауа жұтқым келеді, құдды сенің бала күніңде арбаға салып алып сыртқа алып шыққанымдай, мені де далаға алып шығып, бір мезгіл серуендетіп тұра аласың ба? Бұл сенің қолыңнан келетін нәрсе ғой, балам...

 

Мен қартайғанда істеген ісімді, сөйлеген сөзімді тез ұмытып қалатын жағдайға жеттім. Бала сияқты маңызы жоқ істер үшін басыңды ауыртып ретсіз сөйлей беретін болармын, ол кезде мен не десем де сенікі жөн деп, көбірек сабыр сақтағаныңды қалаймын.

 

Мен қартайғаннан кейін кішкентай балаға тәрбие бергендей саған себепсіз ақыл айта беруім мүмкін, ол кезде менің айтқаным көңіліңе жақса да, жақпаса да екі құлағыңды басып тұра қашпай, өтірік болса да тыңдаған кейіп танытып жанымда отыра берші, балам. Сондай сәтте «Жарайды!» деп жай мақұлдағандай болып, басыңды изей салсаң да мен мәз болып қаламын...

 

Мен қартайдым... Сендерден қай күні алыстап кететінім бір Аллаға ғана аян. Осы уақытқа дейін Алла Тағаладан тек сенің ғана амандығыңды тілеп келдім. Тек саған жақсы болса екен деп қолымнан келгеннің барлығын сен үшін жасадым. Ұзақ іс-сапарларда жүргенде, отбасыңмен саяхатта болғанда, ұйықтар алдында бір сәт болса да менің де амандығымды тілеп, Алладан мен үшін де дұға тілеп жүрші, балам...

 

 

 

 

ПІКІР (6)

Абылай

Өте мағыналы

Айгүл

Əсерлі жазылған екен. Күнде тілерім "Я, Жаратушы Жалғыз ием менің əке-шешемнің өмір жастарын ұзақ, деңсаулықтарын мықты еткейсің, олар мені кішкентай кезімде қалай мəпелеп өсірсе оларды дəл солай мейіріміне бөлей көр" деп жатамын. Пендеміз ғой тірі кезде еш нəрсенің байыбына бармай елеп ескермей жүре береміз, бірақта соншалық алыс кетпесек екен, арты өкініш болмаса екен.

Смайл Серік

Біз ата анамызды бізге өтініш айтуға дейін апарып жатамыз, өте өкінішті. Мұндай хатты жазуға барғызбай, перзенттік міндетімізді толық, уақытылы, ықыласпен атқаруымыз керек еді. Аллаһтан ата анамыздың біздегі хақысын дұрыс өтей алмай жүргеніміз үшін де, өз басым өтей алмай қалғаным үшінде өміріміздің соңына дейін кешірім сұрап, олар үшін əр алақан жайғанда дұғамызды ұмытпауымыз керек. Я Раббым ғафу ет!!!

Айжан

Керемет әсерлі сөздер. Бірақ бұл сөздерді өз еркімізбен жасасақ оданда дұрысырақ болар еді.......

Азат

Ата-ана қасында болса береке ғой. Ата-анамыз аман болсын әкешім мен анашым менің

Аскар

Ата Аналарымызды ренжитпейк бауырлар ата ананын разылыгы Алланын разылыгы тирисинде курметтеп колымыздан келгенше комек береик.Алла тагала ата анамызды жаннаттан орын берсин Жаннатта Мухаммед пайганбарымызбен бирге болуды насип етсин.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер