Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

Болашақты білдіру – Аллаға ғана тән

Иман


Бір күні Исламның қас жауы болған Умайр ибн Уаһб Əл-Жумахи мен Сафуан ибн Умайя деген екі кісі Бəдір соғысында мұсылмандардың қолынан қаза болған өздерінің Меккелік достарын еске алып отырады. Умайр мұсылмандарға көп зиян тигізген жаман адам болатын. Əрі оның баласы Бəдір құдығының маңында болған шайқаста тұтқын болып, мұсылмандардың қолына түскен еді.

Сафуан: 

- Бəдірдегі жеңілісімізден кейін жер басып тірі жүру қандай қиын еді, - дейді.

Умайр:

- Иə, дұрыс айтасың. Əттең, мойнымдағы қарызым мен бала-шағамның аш қалатынынан қорықпағанда Мəдинаға барып Мұхаммедтің басын алар едім, дейді. Сосын: "Əрі менің балам олардың қолында тұтқында ғой, менен аса күдіктенбейтін де еді", дейді сөзін жалғап. 

Сонда Сафуан осы сəтті пайдалана қалайын деп:

- Қарызың мен жанұяңның нəпақасын өле-өлгенше мен мойныма алайын, -дейді.

Умайр:

- Онда бұл əңгімені ешкімге тіс жарып айтпа, - деп сапарға дайындыққа кірісіп кетеді. Қылышын жақсылап қайрап, уға суарады да суыт жүріспен Мəдинаға аттанып кетеді.

Омар ибн Хаттаб (р.а) бірнеше кісілермен əңгімелесіп тұрған еді. Кенет мешіт алдына түйесін шөгеріп жатқан мойнында асынған қылышы бар адамға көзі түседі де, бірден тани кетеді.

- Мынау Алланың жауы Умайр ибн Уаһб қой! Меккеліктерді соғысқа үгіттеген де осы болатын. Алланың атымен ант етемін, мына жүрісі жақсылық емес, дейді. Сосын бірден Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кіріп, хабар береді. Ол кісі Умайрды кіргізуін бұйырады. Омар Умайрдың қылышының бауынан орап ұстап оны Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жетелегендей болып алып кіреді. Қасындағы кісілерге:

- Сендер де бірге кіріңдер. Мына пасыққа сақ болайық, дейді. Омар (р.а) аса сезгіш кісі еді. Ол Умайрдың көзінен сатқындықты көріп тұрғандай болды.

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Омарға (р.а) қарап, Умайрдың мойнын босатуын бұйырды. Сосын:

- Маған жақында, Умайр. Не шаруамен келдің? - дейді. Умайр:

- Қолдарыңда менің балам отыр. Оған жақсы қараңдар, дейді.

Пайғамбар ():

- Мойныңдағы қылышың не? - деп сұрайды.

Ол:

- Қылышы құрысын! Бізге еш көмектеспеді ғой, дейді Бəдірдегі жеңілісті меңзеп. 

Пайғамбар ():

- Шыныңды айт! Не үшін келдің? - дейді қайталап.

Умайр:

- Басқа ештеңе емес, дейді жалтарып.

Сонда Алла Елшісі ():

- Жоқ. Сен Сафуан ибн Умайя екеуің Қағбаның түбінде отырып Бəдірде қаза тапқан құрайыштықтар жайлы əңгімелестіңдер. Сонда сен «қарызым мен бала-шағам болмағанда Мұхаммедті барып өлтірер едім» дедің. Сонда Сафуан сенің қарызың мен бала-шағаңа қарауды өз мойнына алды емес пе?! Алла сенің ойлаған мақсатыңды жүзеге асыртқызбайды, дейді.

Сонда Умайр:

Иә, бұл - Исламның ақиқат дін екендігін айғақтайтын кезекті дәлелдердің бірі ғана. Шын мәнінде, болашақты немесе болып кеткен істерді Алладан өзге ешкім де, ештеңе де білмейді. Тіпті, Пайғамбарлар да. Олар тек Алла уаxи еткенді ғана біледі. Бұл туралы Алла Тағала Құранда:
«Көктердегі және жердегі сыр Аллаға ғана тән. Қиямет сағаты кірпік қаққандай, тіпті, одан да жақынырақ. Сөзсіз, Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші...» - деген. («Нахыл» сүресі 77-79-аяттар)

Осы ретте ойыңызға «Ал онда неге кейбір бақсы, балгер, көріпкелдердің айтқаны дәлме-дәл келіп қалады?» деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Шынында да, кейде тәуіптердің айтқаны дөп түсіп жатады. Неге бұлай десеңіз, Алла Елшісі () бұл туралы былай деген:

«Расында, бұлттарға түсіп, көктегі амалдар жайлы өзара әңгіме қылған  періштелердің айтқандарын шайтандар ұрлана тыңдап, кейін оны көріпкелдердің жүрегіне сіңіреді, ал көріпкел болса, сол шайтаннан келген бір шындыққа жүз өтірік қосып айтады» (Бұхари)

Демек, Шәкәрім бабамыз айтқандай, «... Біреу бір бақсыға бал ашқызып, соның айтқанына нанса, анық күпірлікке ұрынғаны, Құранға нанбағаны үшін. Құмалақ салған, жауырын жаққан, бір нәрсені арам қылған – бәрі солардың жолдасы. Бәрінен де аулақ болу керек»


ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер