Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

Баланы айқайсыз тәрбелеуге 6 қадам

Мақалалар

 

Алаштың аяулы Абайы айтқандай, «өмірдің бір қызығы бала деген». Бала – Алланың адамға берген үлкен нығметтерінің бірі. Ол - ата-ананың жүрегінің, көзінің қуанышы, қиындықтарын ұмыттырушы, ұрпағын жалғастырушы. Бала – ең үлкен капитал. Ол сенің соңыңнан дұға жасайды, үйреткен біліміңді амалына асырып, артыңнан сауабы барып тұруына себепкер болады. Сондықтан болар, қасиетті хадис мәтіндерінде «Әкенің балаға беретін ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие» делінген (Тирмизи).

Ал бауыр еті баласын айқай-шусыз, қол жұмсаусыз, қорқытусыз тәрбиелеу – әрбір ата-ана үшін ең қалаулы да аңсаулы амал. Баласымен патшадай сөйлесетін аналар мен әкелерге қызығып жатуымыздың бір себебі де – осы. Ендеше, мамандар ұсынған әдістерге бір көз жүгіртейік:

1.     Дер кезінде өзіңе сауал қою.

«Алысқанды алып ұрған мықты емес. Нағыз мықты ашуланғанда өзін ұстай білген адам» (Бұхари) деген даналық бала тәрбиесіне де тікелей қатысты екен. Балаға деген ашудың «құрамында» оның ғана қатысы болмайды, күйеуіңмен қарым-қатынас, туыстармен келіспеушіліктер, жеке реніштер, жұмыстағы жағдайлар, денсаулық мәселесі болуы әбден мүмкін. Осыны дер кезінде еске түсіріп, өзіңе «менің ашуым баламның бүлдірген ісінің деңгейіне сай ма?» деген сауалды қоя білген дұрыс дейді мамандар. «Жоқ» жауабы жиі берілетіндіктен, адам өзін тоқтатуға тырысады.

2.     Жағдайға басқа көзбен қарау.  

Біз жағдайдың ішінде болғандықтан айғайымызды тоқтата алмаймыз. Осы сәтте сырттан өзіңді елестетіп көру қажет екен. Көзі аларған, бет-әлпеті қорқынышты, дөрекі дауысты, адам үрейленетін ишаралар жасаушы әйел кішкентай, қорғансыз жаратылысқа айқай салып жатыр. Бастығыңыз айқалайғанда қандай сезімде болушы едің? Баланың халін, өзіңнің халіңді ойла, сонда сен өз әрекетіңнен ұяласың деген әдіс те айтылады. Екінші жағынан, осыдан бала жүрегі қатаюы мүмкін. Сабырсыз, ашуланшақ, үлкенге дауыс көтеретін балалар да – айқаймен, қол көтерумен берілген тәрбиенің жемісі.

3.     Бала – аманат.

Иә, бала әкенің беліндегі судан жаралды, ананың құрсағынан шықты, біздің үйімізде тұрады. Алайда, олар уақытша берілген аманат саналады. Оларды асырау, тәрбиелеу, үйрету – ата-анаға артылған жауапкершілік. Ертеде дана әйелдердің бірі баласының қайтыс болғанын күйеуіне естірткенде: «Отағасы, егер біреу келесі біреуге аманат тапсырса, кейін уақыты келгенде қайта алып қойса дұрыс па? Оған наразылық білдіруге бола ма» деп сұрақ қояды. Жары: «Әрине, дұрыс. Мұндай іске ешбір қарсылық танытылмайды» деп жауап берген екен. Сонда әйел: «Алла Тағала бізге баламызды аманат қылып беріп еді, бүгін оны Өзіне қайта алды» дейді. Күйеуі оны еріксіз мойындап, ләм-мим деуге шамасы келмей қалады.

4.     Айқай естіген бала ата-анасына айқайлайды

Біз қартайғанда жанымызда болатын «қамқоршыларымызды» тәрбиелеп жатқанымызды есімізден шығармауымыз қажет. Егер сен балаңа дауыс көтерсең, өскенде олар да саған дауыс көреді. Бұл – бұлжымайтын заңдылық. Олар әуелі ойыншықтарына айқайлайды, кейін ашуын бауырларына, жолдастарына көрсетеді, соңында ата-ананың алдынан шығады. Ана – бала үшін ең қасиетті тұлға, күллі әлемнің сәулесі. Ана дауыс көтерсе, бүкіл әлем оған төніп тұрғандай болады. Нәтижесінде, оның психологиясына кері әсер етеді. Ынжықтық, нәзіктік, жаны жаралану осыдан басталады.

5.     Ата-анадан қаһар көрген бала олардан құтылуға асығады.

Адамның табиғаты сондай, ол өзіне қандай қарым-қатынас жасалса, соны қайтарады. Өзіне жақсылық көрсеткенге ешқашан жамандық жасай алмайды. Бұл ата-ана мен балаға да қатысты. Сөзсіз, ата-анасын қарттар үйіне өткізген перзенттердің тәрбиесінде бір кемістік болған. Мына бір тамаша оқиға балаға дауыс көтеруді емес, оны сыйлықпен тәрбиелеуді үйретеді:

«Ертеде мұсылмандардың билеушісі болған Мұғауия өз баласы Язидке ашуланып, онымен сөйлеспей, тастап қояды. Сонда ғұлама Ақнаф ибн Қайс оған: «Уа, мұсылмандардың әміршісі, шын мәнінде, олар біздің ұрпағымыз, жүрегіміздің жемісі, біз олардың сүйенішіміз, біз оларға көлеңке болатын «аспанбыз», олар үшін жүретін жерміз, егер, олар ашуланса, риза ет, бір нәрсе талап етсе, бер, оларға ауыр болма, олар сенен шаршап, өліміңді күтпесін» деп айтады. Сонда Мұғауия: «Сен қандай көркем сөздер айттың!» деді де, ұлы Язидке сәлем жолдап, 100 мың дирхем ақша, 100 киім сыйға тартады. Ұлы Язид те ақылды еді. Мұғауияның жанында Ақнаф ибн Қайстың болғанын біліп, жақсылыққа себеп болғаны үшін 50 мың дирхем, 50 киімді сыйға жібереді.

Бұл – ілгері буын ізгілерінің өмірінен келтірілген көркем мысал.

6.     Ата-ана өзінің ішкі дүниесін реттеуі тиіс.

Адамның сыртқы амалы – ішкі дүниесінің айнасы. Егер оның жүрегі иманға бай, сабырмен қапталған болса, ол кез келген жағдайда өзін ұстай біледі. Өзіне жақсы қарайтын, ішкі дүниесі тыныш ана дәл сондай қалыпты балаларға да қалайды. Сол себепті, ата-ана рухани халін жақсартумен айналысып, демалысқа,  дұрыс ұйқыға, өзіне күтімге уақыт табуы тиіс.

 

Біз – баласымен мақтанғысы келетін, оның жетістіктерінен өзінің бүкіл ғұмырының нәтижесін көріп, сүйсінгісі келетін халықпыз. Сен 50-60-қа келгенде 20-30 дағы балаң парасатты, салихалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін көркем тұлға болғанын қаласаң, бүгін олардың бойына не егіп жатқаныңа бір қарап қойғаның абзал...

ПІКІР (54)

Жандарбек

Жаксы кенес

Мухтархан

Жақсы роликтер жіберіп тұрсаңыз

Айкерим

Балалар биздин айнамыз!!!

Samat

Kerek malimet!

Махаббат

Оте орынды кенес. Мен бугин баскага ашуланып, баламды урып жибергенмин. Енди сол истеген исим ушин окинип отырмын.

Сырым

Ассаламуалейкум! Менін 2 балам бар сол балаларымның болашағы на тәрбиесіне қатты аландаймын..бала тәрбиесі жөнінде коп біле бермейм окырмандарга ашық анық құраннан,хадистерден,ғұлама ғалымдар дың өмірінен мысалдар келтіріп айтсаңыздар екен...

салтанат

Керемет екен!

Акмарал

Жақсы екен

Самат

Өте керемет кеңес.

Айгерім

Ма Шаа Аллаһ. Қандай керемет дана сөздер.

Махамаддин Арай

Бұл мəліметті оқып көп нəрсе түйдім енді амалда соны жасауға тырысуым керек.

Айым

Жақсы кеңес

Айгул

Оте пайдалы кенестер!

гулнар

Керемет айтылған

Мөлдір

Өте керемет екен, ата-анаға не қылсан алдына сол келеди деген осыдан ғой

нұрлан

Өте дұрыс көп көп рахмет мыдай мәліметке

Бектас

Керемет

Фариза

Балаларымызға барынша жақсы тәрбие беруге тырысамыз.

Улбосын

Оте пайдалы кенес

Галима

Керемет кеңестер екен. Балапан арнасы шетелдің қоқыстарын көрсеткенше осындай имандылық тақырыбына баулитын мультфильмдер хабарлар көрсетсе ғой.

Максат

Керемет

Gulnaz

Bala tarbiesi men otbasy berekesine katysty kenesterdi kobirek berip tursanyz. Rakhmet

рай лаура

Жақсы айтылған , бәрімізге керек мәлімет екен

Баян

Керемет сөздер!!!

Сымбат

Жаксы паидалы ролик жиберсениздер иги болар еди.Рахмет

карлыгаш

Ма Шаа Аллах керемет!Осы дана создерди окып отырып,балаларыма урыскан,ашумен сабаган кездерим есиме тусип,козиме жас келди((((Окинем катты окинем!!!

Мерей

мен 2 баламды жаксы тарбиелегим келеди сал бузык болса урып салам

Аягоз

оте керемет.мен коп ашуланам ашумды баламнан аламн соган кенес берсенздер екен.

Замзагул

Керемет

Жансая

Өте керемет айтылған. Қанша жерден баланы ұрғанымен таяқпен тарбиелей алмайсың. Бул асиресе мектепте сынып жетекшилерине де катысты.

Гулчехра

Керемет сөз

Əсел

қазіргі заманда бала тəрбиесі қиындап кетті соған орай қажетті мағыналы роликтер болса....

Азиза

Ма ша Аллах керемет кенестер...саны кобейсе Ин ша Аллах...

Nurbek

Рахмет

Xalil

Tamasha

Ақгүл

Өте орынды өзекті мəселе. Осындай тəлім тəрбиесі зор мақалалар көбірек болса нұр үстіне нұр.

Самал

Рахмет.ЖАКСЫ КЕНЕС ЕКЕН.

Гульжамал

Жақсы екен

Гулмира

Тамаша осы кагидаларды ар бир ата аналар булжытпай орындаса алемде катыгез адаизаты болмаспа еди.

Бахыт

Егер балалар жай айтқан сөзді ұқпаса, қандай амал қолдануға болады?

Гулия

Мен бул кенестердын барын былемын. Бырак ашуланганда барын умытып кете берем... Кайталана береды. Кобыне акесы де кыналы болып корынеды

Гульзат

Керемет айтылган кенес. Сиздерге Алла разы болсын!!!

Гульзат

Керемет айтылган кенес. Сиздерге Алла разы болсын!!!

Айдана

Мен омирде озимди сабырсыз адамдардың катарына жаткызамын. Баламада коп айкайлап урсып коятыным да бар сабырымды дер кезинде калай тежеуге болады комектесіңіздерші.

Гүлшаш

Балаға тəрбиесіз берілген білім , адамзаттың қас жауы деген.Бала тəрбиесіне тал бесіктен назар аударған халықбыз ғой.Əрине тəрбиеге жанжақты көңіл бөлген жөн.

Рифхат

АССАЛЯМУ АЛЕЙКУМ Жақсы бейне роликтер жіберіңіздерші

daria

Коп коп рахмет сиздерге. Мен де ашуланганда балам жылап кеп турса айкайлап жиберем. Артынан бирак озим истегениме озим катты окинип кейде жылап алам. Енди бул арекетти мулдем кайталамауга тырысамын. Сиздерге мын алгыс. Керемет кенес мен ушин!

Сауле

Өте құнды тәрбие екен.

Алия

Тамаша кушти керемет озиме керегин алдым

гульзипа

Оте жаксы айтылган.казирги ата-аналар каншама балдарына караусыз.менде коп ашуланшакпын,ошимди балдардан аламын.аллах тагала кешире гор деп жылап жататын кундерим талай откен.

Ғазиза Қасым

Жақсы жазылған екен.Осындай кеңестерді көбірек жазсаңыздар.Алла істеріңізге береке берсін!

Marjan

Ote keremet tirisip koreyik azamattar

Арай
2018-05-29 08:17:10

Я шыныменде үй шаруасымен,жұмыспен шаршап жүргенде балаларымызға себепсіз ұрсып артынан жауап беріп немесе ұйықтап қалғаннан кейін жаңа не айтқысы келді екен деп жатамыз жатамыз Бірақ осының өте кеш екенін түсінуіміз керек. Өте керемет кеңес екен

Аман
2018-11-28 14:22:35

Жақсы айтылған кеңестер.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер