Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы
Мақалалар

Алдағы апта сәтті өтсін десеңіз ...

 

«Уақыт –ең бағалы мүлік. Бірақ оны ең арзан тауардай жұмсаймыз», - депті бір ғұлама. Иә, хадисте келгендей, адам баласының қадіріне жете алмай жүрген екі үлкен нығметінің бірі де осы уақыт ұғымы. Қазір жаз айы болғандықтан, үлкендер де, балалар да еңбек демалысында.  Кез келген пенде қолы босай қалса болды, шектен шыққысы келетіні жасырын емес. Себебі, жұмысы азайған адамның жауапкершілігі де аз.

Ал сынаптай сырғып өте шығатын бір айлық демалысты қалай тиімді, пайдалы етіп өткізуге болады? Қалың көпшілікті осы сұрақтың мазалап жүргені анық.

Ең алдымен, барлық іс-әрекеттерді жүйелеу керек. Яғни адам күнделікті жасайтын іс-әрекеттерінің барлығын бір ретке, жүйеге түсіруі керек. Ол үшін күнделікті жасайтын барлық амалдарыңызды үш топқа бөліңіз:

1.     Аса маңызды істер

2.     Маңызды істер

3.     Маңызы төмен істер

Ең алдымен, аса маңызды істеріңізді тізіп жазыңыз. (мысалы, таңертең жаттығу жасау, 13:00 – көптен көрмеген туысыңыздың үйіне қонаққа бару, 15:00 – жазып бастаған дүниелеріңізді аяқтау, досыңызбен кездесу ұйымдастыру, т.б). Есіңізде болсын, «аса маңызды» пунктіндегі осы жұмыстарыңыздың барлығын бітірмей тұрып, маңызды істерге көшпеңіз. Міне, осылайша адам өзіне ненің керек, ненің маңызды, ал ненің пайдасыз екенін ұққанда ғана өз уақытын аялай алатын болады. Өз уақытына қиянат жасап, ысырапшылдыққа бой ұрып алатын адам – өзіне ненің керек екенін толық түсінбеген адам. Сондықтан өзіңізге ненің аса маңызды, ал ненің орташа мәнді екенін ажыратып алыңыз.

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әй, Әбу Зарр! Жоспар құрудай ақыл жоқ, тыйылудай тақуалық жоқ және көркем мінездей абырой жоқ», - деген. ( Байһақи) Қандай кітап оқисың? Кімдерді үлгі етесің? Қандай амалдардан тыйыласың? Тамақ ішу мен ұйқыға қанша уақыт бөлесің? Міне, осы мәселелерді анықтап алған адамның ұтылмайтыны анық. Себебі, жоспар бар жерде аз да болсын амал бар. Ал дұрыс амалдың артында сауап, сауаптың артында Алла разылығы тұр. Сондай-ақ, хадисте айтылғандай, амалдың ең жақсысы – аз да болса әрдайым жасалатыны. Сондықтан адам баласының жоспар құрып, ондағы амалдарды жүйелі, табанды түрде орындауы сөз жоқ, жеміс пен жеңіс əкеледі.  Осыған орай, демалыс уақытын тиімді  пайдалануға бағытталған мына бір кестені назарларыңызға ұсынбақпыз. Аптаңыз жүйелі, мәнді өтсін десеңіз, бір аптаға арналған кесте жасаңыз да, оны бөлмеңіздегі ең көрнекті бір орынға, жататын төсегіңізге немесе тоңазытқыштың есігіне, т.б. іліп қойыңыз:

Орындалатын істер

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жк

Мақсат

Нәтиже

1.     Таңғы жатттығу

+

 

+

+

+

+

 

5 рет

4

2.     Үй тазалау

 

+

 

 

 

 

+

2 рет

2

3.     Көршілерге жақсылық жасау

+

+

 

+

 

+

+

3 рет

3

4.     Туыстарға бас сұғу, телефон соғу

+

 

 

 

+

 

 

3 рет

2

5.     Қосымша курстарға бару

 

+

+

 

 

+

 

3 рет

3

6.     Достармен кездесу

+

 

 

+

 

+

+

2 рет

1

7.     Өзгелерге қол ұшын беру

+

 

 

 

+

+

 

3 рет

3

8.     Кітап оқу (оқып бастаған кітабыңыздың атын жазып қоясыз), т.б.

+

 

+

+

 

+

+

 2рет

2

 

Алдымен, өзіңіздің күнделікті атқаратын немесе атқаруды жоспарлап жүрген амалдарыңыздың барлығын тізіп жазып қоясыз. Аптасына неше рет атқарылуы керек? Мәселен, аптасына екі рет міндетті түрде кітап оқып тұрамын деп жоспарласаңыз, мақсат деген тұсқа 2 деген сан қоясыз және кітап оқыған күніңізге + белгісін қоясыз. Апта соңында жеті күнде атқарған жұмыстарыңызды санап, мақсатқа жете алғаныңызды, я болмаса, өткізіп алған әттеген-айларыңызды анықтай аласыз. Кесте + белгілерге толған сайын адам жақсылық жасауға, мақсатқа жетуге талпынады. Ал ең бастысы, өз ісіне өзі есеп бергісі келген адам үшін бұл – үлкен көмекші.

Уақыт – Алла Тағаланың адам баласына сыйлаған үлкен сыйы. Уақыт – сұрауы, есебі бар дүние. Ал құл Қиямет күні өмірін қалай өткізгендігіне, білімін неге жұмсағандығына, ақшасын қалай жаратқандығына, тәнін қалай пайдаланғандығына жауап бермейінше орнынан жылжымайды екен. Ендеше,  ең қымбат тауарыңызды арзанға бағалап, оның алтыннан да қымбат құнын жойып алмаңыз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай, «Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: қартаймай тұрып, жастық шақтың; ауырмай тұрып денсаулықтың; кедейліктен бұрын байлықтың; қысылтаяңнан бұрын бос уақыттың; өлмей тұрып өмірдің» (Хаким). 

 

 

ПІКІР (2)

Индира Капаш

Мені көптен бері ойландырып жүрген сұрағым болатын өзіме қоятын... Уақытты үнемдеу өзімді қалай жүйеге түсірем деген... ИншаАлла осы жолмен бұйыртса алдағы аптадан бастаймын деп ойлап отырмын. Сәтін салсын деп тіледім!!!Сіздерге Рахмет!!! Алла разы болсын!!!

Əзиза Асанова

Сəлеметсізбе қалай тіркеледі білмей жатырмын

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер