Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

АДАМНЫҢ ДІНІНІҢ КӨРКЕМ, ӨМІРІНІҢ ШЫРАЙЛЫ БОЛУЫНА ЖЕТКІЛІКТІ БОЛҒАН 4 ХАДИС!

Иман



Атақты хадис білгірі Әбу Дәуд былай дейді: «Мен Алла Елшісінен () бес жүз мың хадис жазып алдым. Өз кітабыма соның ішінен тек 4800-ін ғана енгіздім. Алайда, адамның дінінің көркем, өмірініңшырайлы болуы үшін осы 4 хадиске амал етуі жеткілікті. Олар:


1-ХАДИС


«АМАЛДАР НИЕТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ...» (Бұхари, Муслим)

Шын мәнінде, бұл хадис Исламның іргетасы саналатын зор мәні бар хадистердің қатарына жатады. Себебі, кез келген құлшылықтың, амалдың қабыл болуының негізгі шарты – ниеттің дұрыс болуында. Егер біреу ізгі іс істемек болып ниеттенгенімен, оны ауру, өлім, т.с.с. кедергілердің кесірінен жасай алмай қалса, ол адамға бәрібір жасағанындай сауап жазылады. Әл-Байдауи: «Іс-амал ниетсіз дұрыс болмайды, өйткені амалға аспаған ниетке сауап жазылады, ал ниетсіз істелген іс босқа кетеді», - деген.

2-ХАДИС


 «ӨЗІНЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ НӘРСЕНІ ТАСТАУ АДАМНЫҢ ДІНІНІҢ КЕМЕЛДІГІН КӨРСЕТЕДІ» (Тирмизи)

Хасан Басри: «Адамды өзіне қатысы жоқ нәрсемен алдандырып қою – Алла Тағаланың оны тастап қойғандығының белгісі», - деген. Шынында да, өзіңе қатысы жоқ дүниенің қайтарымы мен қайыры болмайды. Бұл хадистің мағынасы, Абай айтқандай, «Сыпайы жүр де, шаруа ойла, даңғойланып қақтықпа» дегенге саяды. 

3-ХАДИС


«ЕШКІМ ӨЗІНЕ ҚАЛАҒАНДЫ БАУЫРЫНА ДА ҚАЛАМАЙЫНША (ТОЛЫҚ) ИМАН КЕЛТІРГЕН БОЛЫП САНАЛМАЙДЫ» (Бұхари, Муслим)

Адамның өзгелерге мейіріммен қарап, өзіне қалағанды бауырына да қалауы – оның имандылығының көрсеткіші. Себебі, ғалымдар Құдайдан қорқу мен мұсылмандарға деген жек көрушіліктің бір жүректе болмайтынын айтқан.

4-ХАДИС


«РАСЫНДА, РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН НӘРСЕЛЕР АНЫҚ ЖӘНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН НӘРСЕЛЕР АНЫҚ. 

Осы екеуінің арасында көп адамдар біле бермейтін күмәнді нәрселер бар. Күмәнді нәрселерден сақтанғандар, діні үшін және абыройы үшін одан өзін тазартады... Расында, адамның денесінде жұдырықтай ет бар, егер ол жақсы болса, онда оның бүкіл денесі жақсы болғаны, ал егер ол жарамсыз күйге келсе, онда ол бүкіл денені бүлдіреді, расында, ол (ет) – жүрек» (Бұхари, Муслим) 


"Саған күмән келтіретінді таста да, күмәнсіз нәрселерге ұмтыл, расында шындық ол - тыныштық та, ал өтірік - ол күмән" (Тирмизи)
Бұл дегеніміз - рұқсат етілген нәрселерден саған күмән келтіретінінен басыңды тарт та, көңіліңе күмән туғызбайтынына ұмтыл деген сөз.


ПІКІР (3)

Аман Райымбек Есенұлы
2019-03-14 04:18:57

Ассалаумағаликум жақсы мақала ұнады Істеріңізге Жаратушымыз береке берсін

Жұма Гүлназ
2019-03-14 09:59:17

Өте керемет. Алла амалға асыруымызды нәсіп етсін

Kausar Shugaiv
2019-03-14 10:27:24

Өте керемет! Ма Ша Аллаһ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер