Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

Құрандағы дем салу аяттары

Иман

«Фатиха» сүресі 


 

 

  1. 1.      Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланы ң атымен.

    2.      Барлық мақтау әлемдердің Раббысы (Иесі) – Аллаға.

    3.      Аса Қайырымды, ерекше Мейірімдіге,

    4.      Есеп күннің Билеушісіне.

    5.      Саған ғана құлшылық жасаймыз әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!

    6.      Бізді тура жолмен жүргізе гөр,

    7.      Игілікке бөленгендеріңнің жолымен! Ашуға ұшырғандардың және адасқандардың жолына емес!

  2.  

    «Бақара» сүресі, 1-5-аяттар:

  3. 1. Әлиф Ләм Мим.

    2. Бұл Кітап – онда күмән жоқ, тақуалар үшін жолбасшы (тура жолды ұстануға басшылық).

    3. Олар ғайыпқа сенеді, намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындайды әрі Біз өздеріне берген ризықтан бір бөлігін жұмсайды.

    4. (Ей, Мұхаммед!) Олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрын түсірілгенге сенеді және соңғы, мәңгілік өмірге айқын сенеді.

     

    5.      Міне, осылар – Раббысының тура жолында және солар – мұратына жетушілер.


  4.  

    «Бақара» сүресі, 163-165-аяттар:

  5. 163. Сендердің құдайларың – бір ғана Құдай, Одан басқа ешбір Құдай жоқ. Ол –аса Қайырымды, ерекше Мейірімді.

     

    164. Ақиқатында, аспандардың және жердің жаратылуында, түн мен күндіздің алмасуында, адамдар үшін пайдалы нәрселермен теңізде жүзетін кемеде және Алланың аспаннан су түсіріп, онымен жер тіршіліксіз қалғаннан кейін оны тірілтуінде әрі онда  түрлі жануарларды таратуында және желдердің алмасуында, аспан мен жер арасындағы бағынышты бұлттарда – ақылын жұмыс істетіп, ұғынатын адамдар үшін белгілер бар.

     

     

    165. Адамдардың арасында өзге нәрселерді Алламен теңестіріп, оларды Алланы сүйгендей сүйетіндер бар. Ал, имандылар, Алланы (бәрінен) қатты сүйеді. Әділетсіздер азапты көрген кезде, бүкіл күш-қуаттың Аллаға тән екенін және Алланың жазалауда қатты екенін біледі».


  6.  

    «Бақара» сүресі, 255-аят

  7.  

    255. Алла – Одан басқа ешбір Құдай жоқ. Ол – Тірі, бәріне тіршілік беріп Басқарушы. Оны қалғу да, ұйқы да баспайды. Аспандардағы және жердегі нәрселер – Оныкі. Оның алдында Өзі рұқсат бермей тұрып, кім шапағат ете (араша) түсе алады? Ол (Алла) олардың алдарындағыны (не болатынын) және арттарындағыны (не болғанын) біледі. Ал олар Оның білімінен,Ол Өзі қалағанынан  басқа ешнәрсені біле алмайды. Оның Күрсиі аспандар мен жерді қамтиды. Әрі Оған (Аса ұлы Аллаға) ол екеуін сақтау ауыр келмейді. Әрі Ол – аса Жоғары, өте Ұлы.

  8.  

    «Бақара» сүресі, 284-286-аяттар

  9. 284. Аспандардағы және жердегі нәрселер – Алланыкі. Іштеріндегіні жарияласаңдар да немесе жасырсаңдар да Алла сендерден оның есебін алады. Сонда қалағанын кешіріп, қалағанын азаптайды. Алланың әрбір нәрсеге Күші жетуші.

     

    285. Елші өзіне Раббысынан түсірілгенге сенді және имандылар да (мүміндер де). Барлығы Аллаға әрі Оның періштелеріне, Оның кітаптарына және Оның елшілеріне сенді: «Біз елшілердің арасын бөлмейміз» деді. Әрі олар: «Естідік әрі бойсұндық! Раббымыз, Сенен кешірім тілейміз әрі қайтуымыз – Саған» деді.

     

     

    286. Алла ешбір жанға, оның күші жетпейтінді міндеттемейді. Істеп тапқаны (жақсылығы) оған, ал өзі үшін істеп тапқаны (жамандығы) – оның өзіне қарсы болады. «Раббымыз! Егер ұмытсақ не қателессек, бізді жазаға тарта көрме. Раббымыз! Бізге бізден алдыңғыларға (ілгері үмметтерге) артқаныңдай ауырлық артпа. Раббымыз! Бізге әліміз жетпейтінді жүктеме! Әрі бізді жазалама және бізді кешір және бізге рақым ет. Сен – біздің Иемізсің! Бізге кәпір адамдарға қарсы көмек бер!».


  10. «Хашр» сүресі, 21-24-аяттар

  11. 21. (Ей, Мұхаммед!) Егер де осы Құранды бір тауға түсірсек, оның Алладан қорыққаннан иілген (бойсұнған) түрде бөлшектеніп кеткенін көрер едің. Бұл мысалдарды адамдарға, олардың ойланулары үшін келтіреміз.

    22. Ол – Алла. Одан басқа ешбір Құдай жоқ. Ол құпияны да, айқын нәрсені де Білуші. Ол – аса Қайырымды, ерекше Мейірімді.

    23. Ол – Алла, Одан басқа ешбір Құдай жоқ. Ол – бүкіл әлемдердің Билеушісі, барлық кемшіліктен Пәк, амандық иесі әрі айып-нұқсаннан таза кемелділік иесі, иманға келгендердің сенімін Растаушы, Сақтаушы, бәрін бақылап тұрушы, бәрінен Үстем, Бағындырушы, ақиқи ұлылық Иесі. Алла, олардың серік етіп қосқандарынан пәк.

     

    24. Ол Алла – Жаратушы, жоқтан бар етіп Жасаушы, кескін-келбет беріп Бейнелеуші. Ең көркем есімдер Оған тән. Аспандағылар мен жердегілер Оны (барлық кемшіліктен) пәк деп дәріптейді. Ол – бәрінен Үстем, аса Дана.


  12.  

    «Саффат» сүресі, 1-5-аяттар

  13. 1.     Ант етемін! Сап түзеп тұратындармен,

    2.     Және айдаған айдаушылармен,

    3.     Және Еске салушыны (Құранды) оқитындармен.

    4.     Ақиқатында, сендердің құдайларың – әл-Уахид (Бір, жалғыз).

    5.     Ол –  аспандар мен жердің және екеуінің арасында болғандардың Раббысы әрі шығыстардың Раббысы.

     

     

  14.  

    «Рахман» сүресі, 31-34-аяттар

  15. 1.     Жақында (Есеп күні) сендермен айналысамыз, ей, екі ауыр топ!

    2.     Сонда сендер, өздеріңнің Раббыларыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!

    3.     Ей, жын мен адамзат тобы! Аспандар мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Тек, бұйрық арқылы болмаса, өте алмайсыңдар.

     

    4.     Сонда сендер, өздеріңнің Раббыларыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер?!


  16. «Мүлк» сүресі, 3-4-аяттар

  17. 3.Жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқан – Сол (Алла). Әр-Рахманның (аса Қайырымдының) жаратуында ешбір кемшілік көрмейсің. Қайта көз салшы, қандайда бір сәйкессіздік көре аласың ба?

    4.Содан кейін де көзіңді қайта сал. Көзің саған қажып, талған күйде қайтады.

     

     

  18.  

    «Жын» сүресі, 3-аят 

  19. 3.Әрі күдіксіз, Раббымыздың ұлылығы – өте жоғары. Ол Өзіне жұбай да, бала да алған емес.

  20.  

    «Кәфирун» сүресі 

  21. 1.     (Ей, Мұхаммед!) Айт: «Ей, кәпірлер!

    2.     Сендердің құлшылық еткен (табынған) нәрселеріңе мен құлшылық жасамаймын (табынбаймын),

    3.     Сендер де мен құлшылық еткенге (Аллаға) құлшылық етуші емессіңдер.

    4.     Әрі мен сендердің құлшылық еткен (табынған) нәрселеріңе құлшылық жасаушы емеспін,

    5.     Және сендер де мен құлшылық жасағанға құлшылық етуші емессіңдер,

     

    6.     Сендерге – сендердің діндерің, ал, маған – менің дінім» (деп).


  22.  

    «Ықылас» сүресі

  23. 1.     (Ей, Мұхаммед!) Айт: «Ол, Алла Жалғыз.

    2.     Алла – Мұқтажсыз, ал барлық жаратылыс Оған мұқтаж.

    3.     Ол тумаған және туылмаған,

     

    4.     Әрі Оған ешкім тең емес.


  24.  

    «Фәлақ» сүресі 

  25. 1.     (Ей, Мұхаммед!) Айт: «Таңның Раббысына (Иесіне) сиынып, қорғауын тілеймін,

    2.     Жаратқан нәрселеріңнің жамандығынан,

    3.     Әрі қараңғылықтың жамандығынан, ол жапқан кезде.

    4.     Және түйіндерге үрлеушілердің жамандығынан.

    5.     Әрі хасадшының қызғанған (хасад қылған) кездегі жамандығынан.

     

     

  26.  

    «Нас» сүресі 

  27. 1.     (Ей, Мұхаммед!) Айт: «Адамдардың Раббысына (Иесіне) сиынып, қорғауын тілеймін,

    2.     Адамдардың шын Билеушісіне (әл-Мәлик),

    3.     Адамдардың Құдайына,

    4.     (Алла еске алынғанда) шегінуші азғыратынның

    5.     Сондай адамдардың көкіректеріне уәсуәса салатын,

     

    6.     Жындар мен адамдардан.

ПІКІР (3)

Карашаш

Ассалаам алейкум уа рахматулЛахи уа баракатуh!!! Осы аяттарды окып, балаларыма дем салуга бола ма? АлхамдулиЛлах! Куран оки аламын.

Карашаш

Ассалаам алейкум уа рахматулЛахи уа баракатуh!!! Осы аяттарды окып, балаларыма дем салуга бола ма? АлхамдулиЛлах! Куран оки аламын.

Зухра

Ассалямуаейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Осы куран аяттарын оқу арқылы барлық ауруға карсы деп салуға бола ма.АЛЛА разы болсын!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер