Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

АЛЛАНЫҢ АЛТЫ ҒАЖАЙЫБЫ

Иман


ТЕМІР АСПАННАН ТҮСЕДІ ЕКЕН

Темір - жер бетінде ең кең таралған металдардың бірі. Біздің тұтынатын көп заттарымыз осы темірден жасалған. Тіпті, адам қанының құрамында да темір бар. Ал сіз Құранда осы темір туралы айтылғанын білетін бе едіңіз? Құрандағы Хадид сөзі («Хадид» сүресі) арабшадан аударғанда «темір» деген мағынаны білдіреді екен. 

Алла «Хадид» сүресінің 25-аятында былай дейді: 

«Темірді Біз түсірдік. Онда адамдар үшін үлкен қауіп және пайдалар бар» (яғни темірде адамдар үшін зиян бар, себебі, одан қару-жарақтар жасалады. Ал пайдасы одан тұрмысқа, шаруашылыққа қажетті әртүрлі заттар шығады) 

Темір – жер бетіндегі таралымы жағынан алюминийден кейінгі ең көп кездесетін элемент. Ол жер қыртысының 5 пайызын құрайды. Соған қарамастан, астрофизиктердің зерттеуі бойынша, темір жерде емес, ғарыш әлемінде пайда болып, түзіледі екен. Қалай дейтін шығарсыз. Иә, шынымен де темірдің көкте түзілетіні ғылымда енді ғана ашылып, дәлелденіп жатыр. Темір өте жоғары температурада, жүз бірнеше миллиондаған градуста түзіледі екен. Ал мұндай қолайлы орта жер бетінде жоқ. Сондықтан ол бірнеше миллиондаған ыстық температурадағы жұлдыздардың ядросында пайда болады. Орасан зор жұлдыздардың ішіндегі темір массасы өзінің шегіне жеткен кезде жұлдыз оны ұстап тұра алмайды. Сөйтіп, іштен кернеген ыстық массадан жұлдыз жарылады. Темір массалары метеориттер күйінде ғарыш әлеміне шашыла ұшады. Бұл метеориттер ғарышта осылайша айналып жүреді. Ал әлдебір аспан денесінің тартылыс аймағына тап болса, соның бетіне құлап түседі. Бұдан шығатын қорытынды, темір рудасы жердің өзінде пайда болмаған. Ол мұнда сыртқы ғарыштан, әлдебір жаңа жұлдыздың жарылысынан соң метеориттермен бірге түскен. Соңғы ғылыми зерттеулер осылай дейді. Ал ең қызығы, оның көктен түсетіні Құранда әлдеқашан айтылып қойған. Жоғарыдағы «Хадид» сүресінің 25-аятындағы «әңзәлнә» сөзі арабшадан аударғанда «түсу», «төмендеу», «құлау», «аспаннан түсу» деген мағыналарды береді. Яғни темір аспаннан түседі. Сондықтан да оны «Аспан тасы» деп бекер атамаса керек...

ТЕҢІЗ АСТЫНЫҢ ҚАРАҢҒЫ БОЛАТЫНЫ 14 ҒАСЫР БҰРЫН АЙТЫЛЫП ҚОЙЫПТЫ

Су астына түскенімізбен, терең мұхитта кім жүзіп көріпті дейсіз? Тіпті, оның астында не болып, не қойып жатқанынан да хабарсызбыз ғой. Алайда, мұхиттардың асты көзге түртсе көргісіз өте қараңғы болады екен. Бұл туралы "Oceans" (Мұхиттар) атты кітапта былай деп жазылған: «Теңіздер мен мұхиттардың астында 200 м-ге жуық қашықтықтан кейін қараңғылық басталады. 1000 м тереңдікте қараңғылық тіпті қоюлана түседі. Қазіргі заманда дамыған технологияның арқасында түрлі замануи құралдардың көмегімен теңіздің құрамындағы судың сипатын, ондағы тұз мөлшерін, т.б оп-оңай-ақ анықтауға болады. Бұл құрылғылар болмағанда адам 200 м тереңдікке және көз байланатын қараңғылыққа түсіп, ондағы жағдайды зерттеп біле алмайтын еді. Адам мұхиттың 70 м дейін ғана төмендеп түсе алады. Сондықтан мұхиттар мен теңіздердің сипаты туралы деректер тек соңғы кезде ғана зерттеліп, анықтала бастады»

Иә, бізге анық болғандай, бұл жаңалық технология қарыштап дамыған соңғы уақытта ғана белгілі бола бастапты. Ал бұл Құранда ешқандай технология мен құрал-жабдық болмаған кезде анық айтылып қойған еді. Алла Құранда шындыққа сенбегендердің амалдарын дәл сол теңіз астындағы қараңғылыққа теңеп былай дейді: 

«Олардың амалдары теңіз ішіндегі қараңғылықтар секілді. Оны толқын үстіне толқын қаптап тұрады, ал оның үстінде бұлт бар. Қараңғылықтар бір-бірінің үстінде...» («Нұр» сүресі, 40-аят)

Өзіңіз ойлаңызшы, біз енді ғана көз жеткізіп жатқан бұл шындық әлдеқашан айтылып қойған. Ендеше, бұл бүкіл әлемді жаратқан Алланың сөзі емей, кімнің сөзі?..

МҰНЫ БІЛГЕНДЕ ТАҢ ҚАЛМАСҚА ШАРАҢ ЖОҚ!

Сіз аспанда жөңкілген ақ шаңқан бұлттардың салмағы шамамен қанша екенін білесіз бе? Егер білсеңіз, «соншама уақыт төбемізде тұратын бұлттардың үнемі ауыр салмақпен жеңіл қозғалып жүретінін қалайша сезбегенбіз?» деп таң қалар едіңіз. «Бұлт мақта тəрізді қалықтап ұшады» деген бала кездегі қиялыңыз да жойылады. Мұндай көлемді бұлттар шамамен 500 мың келі тартады екен! Таң қалдыңыз ба? Иə, өте ауыр. Яғни 500 тонна деген сөз.
Міне, керемет! Ғалымдар найзағай тек ауыр бұлттардан ғана шығады деген тұжырымды жақында ғана мәлімдеді. Ал Алла Тағала бұл керемет жайлы ұлы кітабы Құранда 14 ғасыр бұрын баяндап қойған: 

"Ол (Алла) сендерге найзағайды қорқыныш және үміт ретінде көрсетеді əрі ауыр бұлттарды пайда қылады" («Раъд» сүресі, 12-аят)

Бұл аят найзағай мен бұлттар жайлы ғылым атымен жоқ заманда адам қолымен жазылуы мүмкін емес. Демек бұл – Құранның Алланың ақиқи сөзі екендігіне кезекті бір дəлел ғана.

КЕЙТ МУРДЫ ТАҢ ҚАЛДЫРҒАН ҚҰРАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚ!

Эмбриолог, халықаралық Нобель сыйлығының лауреаты Кейт Мур былай дейді: «Ғылымға отыз жыл бұрын ғана белгілі бола бастаған ұрықтың нақты сипаты мен оның даму сатыларын бұдан 1400 жыл бұрын Мұхаммед пайғамбар қалай нақты айта алған? Бұл айғақтар Мұхаммед пайғамбардың Алланың шын елшісі екенін дәлелдейді. Құранның Алланың сөзі екенін мойындаған соң мен ешбір қиындыққа ұрынған жоқпын, сосын «Адамның дамуы» атты кітабымның үшінші басылуына исламдық тұрғыдан толықтыру енгізуді мақсат тұттым» Алла Құранда былай деген: 

«Ақиқатында, Біз Адам атаны лайдың негізінен (топырақтан) жараттық. Кейін оны жатырда орналасқан тамшы (ұрық су) еттік. Содан кейін тамшыны ұйыған қан етіп, ұйыған қанды бір тілім ет етіп жаратып, сүйектерді етпен қаптадық. Жасап шығарушылардың ең жақсысы Алла – аса Берекелі!» («Муминун» сүресі, 12-14-аяттар)


ТЕҢІЗ АСТЫНДА ТОЛҚЫНДАР БОЛАТЫНЫ ҚҰРАНДА ЖАЗЫЛҒАН!

Осыдан аз ғана уақыт бұрын теңіздер мен мұхиттарды зерттеуші ғалымдар теңіздің бетіндегі толқыннан бөлек ішінде де әртүрлі толқындардың болатынын дәлелдеп шықты. Яғни біз көріп жүрген ирек толқындар тек бетінде ғана болса, астында да дәл сондай құбылыстар болып жатады екен. Ең қызығы, ол толқын дәл сол бағытта емес, кері ағыста ағады дейді және бұл жағдайды көзбен көру мүмкін емес, оны тек температура мен сол аймақтағы судың көлемін анықтайтын құрылғылардың көмегімен ғана біле алады екенбіз. 

Қызығы сол, теңіздер мен мұхиттардың астында да кері ағыста бірнеше қабат толқындардың болатыны енді ғана мәлім бола бастады. Ал бұл Құранда технология атымен жоқ, замануи құрылғылар мүлде дамымаған заманда айтылып қойған еді. Алла Құранда былай дейді:

«Олардың амалдары теңіз ішіндегі қараңғылықтар секілді. Оны толқын үстіне толқын қаптап тұрады, ал оның үстінде бұлт бар. Қараңғылықтар бір-бірінің үстінде...» («Нұр» сүресі, 40-аят)

Ендеше Раббыңның қай нығметін өтірік дейсіңдер? («Рахман» сүресі, 28-аят)
Осы аяттың өзі-ақ Құранның ақиқат екенін, ол бүкіл әлемнің Жаратушысының сөзі екенін анық айғақтап тұрған жоқ па?


ТҮЙЕ ЖАРАТЫЛЫСЫНДАҒЫ ҒАЖАЙЫПТАР

Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері ең кемел әрі ретті түрде жаратылған. Мысалы, түйені қараңыз! 

 Сахарадағы ұзақ сапарға шыдамды келеді. Оның ұзын мойны басын көтеріңкі ұстап, шаң мен топырақтан қорғап тұрады. Ал қатты еріндері тікенді жантақты жеуге қолайлы жаратылған. Шөлді жерде апталап суды қажет етпейтін жалғыз жануар. Түйенің өркешінде майдың қоры сақталады. Бұл иен далада оған қорек қажет болғанда азық болады. 

 Түйеде жылқы мен есектегідей тұяқ болмайды, әйтпесе ол құмға батып кетер еді, есесіне, оның аяғы құмда жүруге ыңғайлы джип көліктерінің жалпақ дөңгелектері сияқты жаратылған, сондықтан түйені «сахара кемесі» деп те атайды. Түйенің жаратылысындағы бұл қатесіз есеп пен ғажап реттіліктің және мінсіз жүйенің болуы аса Шебер Жаратушы Алланың Құдіретін танытады.

 Бұған қоса, түйенің ауызында 34 ерекше тісі бар. Мұндай тістер өз кезегінде жантақ секілді инесі бар тікен шөптерді ешқандай қиындықсыз шайнауға септігін тигізеді.

Түйе бір күнде 200 литрге дейін су ішеді және ішкен судың ылғалын денеде сақтап, сусыз 1 апта бойын жүру мүмкіндігіне ие. Ең қызығы, түйе денесінен 40% ылғал жоғалса да жүк тасып жүре береді екен, ал басқа үй жануарлары денесінен 12 % ылғал жоғалса өліп қалады. 

Бұдан бөлек, түйе 300 кг дейінгі жүкті көтеріп 22 шақырымға дейін тоқтаусыз жүре алады. Бұл дегеніміз – түйе нағыз табиғат құбылысына бейімделген әрі адамдардың көшіп-қону көлігіне арналған жануар екендігінің белгісі. Оның денесінен шыққан сүт «С» дәруменіне толы. 

Түйе жүні радиация өткізбейтін болғандықтан, қазіргі ғарышкерлердің киімдерінің құрамында түйе жүні бар. 

Ислам ғалымдары: «Алла Құранда бір мысал келтірсе, демек, онда біз үшін үлкен пайда бар», - деген. Ал Алла Тағала Құранда: 

«Олар түйеге және оның қалай жаратылғанына назар салмай ма?» («Ғошия» сүресі, 17-аят) деп, жаратылыс туралы ойлануға шақырады.

ПІКІР (18)

Арайлм
2019-02-05 14:52:52

Ұнады керемет екен

2019-02-05 15:44:54

Ма Ша Аллаһ! Біз білмейтін қызықтар екен!

Айнұр
2019-02-05 16:56:01

Керемет екен

Айнұр
2019-02-05 16:56:02

Керемет екен

Айнұр
2019-02-05 16:56:03

Керемет екен

Айнұр
2019-02-05 16:56:03

Керемет екен

Айнұр
2019-02-05 16:56:04

Керемет екен

Айнұр
2019-02-05 16:56:04

Керемет екен

Айнұр
2019-02-05 16:56:05

Керемет екен

Айнұр
2019-02-05 16:56:05

Керемет екен

Айнұр
2019-02-05 16:56:05

Керемет екен

Қалдыгүл
2019-02-05 17:15:39

Өте керемет мағлұматтар

Қалдыгүл
2019-02-05 17:16:06

Өте керемет мағлұматтар

Нурлыбек
2019-02-05 17:47:07

Керемет унады

Ботакөз
2019-02-06 04:06:03

Алла Ұлық!!!

2019-02-06 05:53:42

СубханАлла

Арман
2019-02-06 10:27:28

Жулдыздардын ядросында тек кана темир емес, барлык химиялык элементтер жасалады гой?

Арман
2019-02-06 10:32:12

Жане де, темир аспаннан туспейди, ол баска да химиялык элементтермен бирге косылып, жер бети курылган кезден бастап бар. Билмейтин биреулер, жер бетиндеги барлык темир метеоритпен бирге кейде тусип отырады деп ойлап калмасын

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер